Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі елді дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстарының ауқымы кең. Шет мемлекеттермен өзара барыс-келісті нығайтып, ашық сауда-саттықты жолға қою арқылы ел экономикасын дамытуға сара жол ашуда.
Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында барлық саладағы түйткілді түйіндерді атап көрсетіп, келесі кезекте кемшіліктерге жол берілмейтінін қадап айтқан еді. Осы барыста береке-бірлікті бекемдеп, әр сала бойынша атқарылатын тың бастамаларды айқындап берген болатын. Соның ішінде туризм саласын жандандырып, елге шетелдік қаржыгерлерді көптеп тартуды, елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырған. Сондай-ақ отандық өнім өндірушілерді қолдап, ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасауды міндеттеді. Сонымен қатар жастарға бизнес бастау үшін жылына 2,5 пайызбен несиелер берілетінін айтқан. Осының барлығы бүгінде қарапайым халықты қолдау бағытында жасалып жатқан тамаша шаралар екені еш даусыз.
Сондықтан Мемлекет басшысының бүгінгі жаңа Қазақстан құру бағытындағы реформалық қадамы көп өтпей өз жемісін береді деп сенемін. Ол үшін жергілікті билік басындағылар бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол бермей жұртпен бірге жұмыла жұмыс жасауы тиіс .
Гүлнар КӘРІМОВА,
Талдықорған қалалық ардагерлер
кеңесінің әдіскері.