2025 жылы 217 мыңнан аса түлек мектеп бітіреді

778

Оқу-ағарту министрлігі өкілдері биыл қанша оқушы мектеп бітіретінін мәлім етті, деп хабарлайды  басқа желілік басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz

Ведомствоның мәліметінше,  шамамен 3,9 млн қазақстандық оқушы 2024-2025 оқу жылын тәмамдайды, оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.

Сондай-ақ сәуір айының басында министрлік өкілдері 2025 жылы 370 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратынын хабарлаған еді. Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталып кетті.

Айта кетейік, былтыр 186 мың қазақстандық оқушы мектеп бітірген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз