Құрметті талдықорғандықтар мен қала қонақтары!
Баршаңызды Қазақстан халқының Бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Береке мен бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың символына айналған бұл мерейлі мерекенің еліміз үшін маңызы ерекше.
Тарих пен тағдыр табыстырған сандаған этнос өкілдері Талдықорған өңірін бүгінде өзінің алтын бесігі, киелі мекені санайды, осы қастерлі өлкеде өсіп-өніп, өркендеп отыр.
Осылайша қала халқы ауызбірлігінің арқасында туған жердің мәртебесін көтеруге, экономикалық қуатын арттыруға, келбетін көркейтуге бар күш-жігерін жұмыла жұмсап келеді.
Құрметті талдықорғандықтар!
Халқымыздың «Ынтымақ түбі — игілік» деген қанатты сөзінде үлкен мән жатыр.
Біздің мақсатымыз – ел бірлігін нығайтып, қаламыз бен мемлекетіміздің болашағы үшін еңбек ету!
Сіз бен Біз болып татулықтың арқасында тек алға қадам баса берейік!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ернат БӘЗІЛ, Талдықорған қаласының әкімі





























