Жетісу облысында «Жеңіс эстафетасы» салтанатты түрде қабылданды

294

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті шекарашылары ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс эстафетасын» қабылдау салтанаты өтті.
Бұл маңызды іс-шара Абай облысының Аягөз қаласында ұйымдастырылып, Жетісу облысы, Үшарал қаласында жалғасын тапты.
Салтанатты шара барысында жергілікті атқарушы органдармен, өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктерімен эстафетаны қарсы алу аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар да атсалысты.
Жиналған қауымға Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламалары ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

                                    ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз