ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша басқармасына Алматы мен Жетісу облыстары бойынша сарбаздардың Аналар комитетінің төрайымы Татьяна Тропина келід.
Татьяна Геннадьевна «Көктем-2025» шақырылымының жас жауынгерлермен әскери қызметке қатысты әңгімелесіп, өзара қарым-қатынас тәртібін бұзу мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Ол әскери қызметпен, жауынгерлердің тұрмысымен танысты. Жас сарбаздар мен офицерлердің күнделікті өмірін жоғары бағалады. Сонымен қатар, оқу орталығы мен шекара басқармасының қызметіне оң баға беріп, олардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін атап өтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті