Қалалық орталық кітапханасында 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап- ғажайып әлем» тақырыбында мерейгер кітаптарға арналған мерекелік шара өтті. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын дамыту мақсатын көздеген шараға №12 орта мектеп гимназиясының 2,8,9, 10 сынып оқушылары атсалысты.
Шара барысында 2 «А» сынып оқушылары «Алтын сақа» ертегісінен көрініс көрсетіп, 2 «В» сынып оқушысы Никишина Арина Г.Х. Андерсеннің «Дюймовочка» ертегісін қысқаша мазмұндап берді. «Мерейгер кітаптар-2025» атты видео слайд арқылы Пичурин Киррил, Афониса Елизаветта А.С.Пушкиннің «Руслан и Людмила», Қабдолда Інжу мен Гончаров Артем А.П.Гайдардың «Тимур и его команда» , сонымен қатар 9 сынып оқушысы Болат Әділ Абай Құнананбаевтың 7 –ші қара сөзін жатқа айтты. Айя Бижасарова Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» кітабын мазмұндаса, Айым Мақсатқызы «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» лироэпостық жырынан үзінді оқып, әдеби шеберлікпен суреттеп берді. Шара соңында оқырмандар әдеби туындылар жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, әр түрлі ойындарға қатысты.