Арнайы санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды

266

Ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу бойынша қалалық консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Күн тәртібінде биылғы  жылға «Жұмыспен қамту жол картасына» сәйкес көрсеткіштерге қол жеткізу жоспары, өткен жылдың қорытындысы және арнайы санаттағы адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша бекітілген облыс әкімінің қаулысына сәйкес квота мөлшері, сонымен қатар «Ұлттық жоба» концепциясының орындалу мәселесі қаралды.

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің»  басшысы Мади Шакенов мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын квоталау бағыты, халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жөнінде баяндады. Бүгінгі күні қаламыздағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. Осы жұмыссыздық санын азайту мақсатында  өңірде  жаңа кәсіпорындар мен  зауыттар бой көтеріп, бірқатар тұрғын тұрақты жұмыс орнымен қамтылуда. Мүгедектігі бар адамдарды квота бойынша жұмысқа орналастыру жоспары 48 адамды құрап отыр. Олар арнайы бекітілген 19 мекемеге жұмысқа жолданатын болады. Жиынға қатысқан қала әкімі Ернат Бәзіл мекеме басшыларына барлық бекітілген жоспарды уақытылы, сапалы орындауды баса айтты.Талдықорған қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасарына учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын күшейтуді, қалалық прокуратура, қалалық  полиция басқармасы кызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Пробация үйі» жұмыстарын жандандырып, құрылған мобильді топқа пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға құқықтық, психологиялық қөмек көрсетуді тапсырды.   «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласының «Мансап»  орталығы, Талдықорған қаласының білім бөліміне Жетісу облысы әкімінің бекіткен квотасының орындалуын қамтамасыз етіп, орындалған жұмыс нәтижелерін жинақтап, қорытынды ақпаратын  ай сайын ұсынуды және  отырыста көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша хаттама әзірлеуді жүктеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз