Жетісулық білім мекемелерінің басшылары волейболдан өзара бақ сынасты

240

Жетісулық білім мекемелерінің басшылары өзара бақ сынасты. Бұл шараны Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірбиелік орталығы ұйымдастырды.

Оған Жетісу облысы білім басқармасы, аудандық және қалалық жалпы білім беру мекемелері, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары директорларынан құралған жалпы саны 12 команда қатысты.

​Шараның ашылу салтанатында Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірбиелік орталығының директоры Айбол Касенов құттықтау сөзін сөйлеп, волейболдан ерлер арасында ұйымдастырылған жарыстың мақсаты мен міндетін айқындап берді. Ал, оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары Болат Тұрысбеков болса, облыстық деңгейде алғаш рет мекеме басшыларының басын қосқан шараны жоғары бағалып, жолдастық кездесудің ерекешеліктерін атап өтті. Барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

​Жарыстың бас төрешісі Саят Естібаев та ашылу салтанатында сөз алып, шараның халықаралық волейбол федерациясының ережесіне сәйкес өткізілетінін хабарлады. Ойын барысында қызмет ететін төрешілер мен хатшыларды көптілікке таныстырды. Қатысушы командаларды жеребе арқылы топқа бөліп, Қ. Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі мен №29 мектеп-лицейінің базасында жарыстың жалғасатынын айтты.

​Төрт топқа бөлінген қатысушылар өзара кездесу өткізіп, мықтыларды анықтады. Екі күнді қамтыған «Жетісу облысы білім басқармасының кубогі» үшін өткізілген байрақты бәсекеде І орынды Панфилов ауданының құрама командасы иеленді. ІІ орынды Кербұлақ ауданының құрама командасы, ІІІ орынды Ақсу ауданының құрама командасы еншіледі. Жеңімпаздарға облыстық білім басқармасының дипломдары мен сертификаттары табыс етілді.

​Нәтижелі ойын көрсеткен «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік төреші» номинацияларын иеленген ұстаздарға да құрмет көрсетілді. Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов қорытынды жасап, аталған жарысқа қатысып, белсенділік танытқан командаларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хатын табыс етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз