Реформалардың нәтижесін әрбір азамат сезінуі қажет

239

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес өтті. Онда әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттер айқындалып, атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату  маңызды екені айтылды.

Президент жиында «Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз»-деп атап өтті. Расында қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, бәсекеге қабілеттілік те артары сөзсіз. Мемлекеттің даму бағдары мен басымдықтары өзгеше сипат алып отырған кезеңде  жүктелген міндеттер дер кезінде жүзеге асырылуы қажет. «Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет». Алдағы жұмыстың басты өлшемі  осы болмақ.

Рахила Ақшолақова, №17 орта мектеп директоры

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз