Жаңадан газ өңдеу зауыты салынса, жанар-жағармай тапшылығы жойылар еді

1053

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте көптеген халықтың көкейінде жүрген мәселелер туралы айтылды.  ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің жанар-жағармай өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлары туралы баяндады.

«Ішкі нарықта ЖЖМ тапшылығын жою үшін Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын жылына 6 млн-нан 12 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда», — деді Премьер-Министр.

Бұл ретте,  биыл Жаңаөзен қаласында қуаттылығы 900 млн. текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталатынын мәлімдеді. Жаңа зауыт құрылыс басталса қаншама адамға жұмыс табылар еді. Әрі егін салу мен жинау науқанында болатын жағармай тапшылығы мен бағаның күрт  көтерілуінің алдын алар еді,- деп ойлаймын.

                                                                                               Л. Барлыбаева,

                                                                           Талдықорған қаласының тұрғыны.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз