Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде Экономиканы әртараптандыру бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру, егін науқанына берілетін арзан несие көлемінің арқасында жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Мәселен, 2024 жылы Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32 млрд. теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 101,2% құраған. Сондай-ақ, салаға 760 млн теңге инвестиция тартылды. 51 азамат жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Аймақ тұрғындарының әл-ауқатын өсіруге осы факторлардың әсер етері сөзсіз.
Жансерік БАЙДЕНОВ,
«Аялы алақан» ҚБ төрағасы
.