Ахмет Байтұрсынұлы «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек» деген. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Білімді ұрпақ – ел болашағы. Мемлекеттің ертеңгі тағдырына жауапты жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін елімізде түрлі мүмкіндіктер қарастырылуда.Соның бірі — баланың жоғары оқу орнында білім алуы үшін қаражат жинауға жағдай жасайтын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылған. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналуда.
Ермек Келемсейіт, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы