Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерін арнайы қабылдап, олардың маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлестері үшін марапаттар табыс етті.
Қала басшысы ауыл шаруашылығының қаланың экономикасындағы рөлі мен маңыздылығын айта келе, жергілікті шаруаларға алғысын білдірді. Марапатталған еңбеккерлерге облыс, қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар ұсынылды.
Ернат Бәзіл биылғы жылы ауыл шаруашылығындағы жетістіктер мен ілгерілеулер туралы айта отырып, алдағы уақытта бұл саланы одан әрі дамытуға баса мән берілетіндігін айтты,- деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 11 айда Талдықорған қаласы бойынша ауыл шаруашылығында 45,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,4%-ды құрады.