Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларының негізгі талаптары жөнінде Жетісу облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Аубакиров пен Жетісу облысы ПД ӘПБ ҚАБТ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Юрий Пак баяндады.
Алдағы жаңа жылдық мереке қарсаңында оны қауіпсіз өткізу мақсатында Департамент мейрамды атап өту объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларының кешенін қабылдады. Профилактикалық шара барысында азаматтардың назарына мерекелік іс-шараларға тартылған объектілерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жабық үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салу жайлы ескертіліп, сондай-ақ, оларды қолдануға арналған нұсқаулықтар таратылған. Мамандар аталмыш санаттағы заттарды тек мамандандырылған дүкендерде арнайы сертификаты болған жағдайда ғана сатып алу қажеттігін баса айтады. Еламан Манарбекұлы «Бүгінгі таңда облыс бойынша нысандар мен қала алаңдарында барлығы 500-ге жуық жаңа жылдық шырша орнатылды, онда қызметкерлермен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сертификатталған иллюминацияларды қолдану бойынша ұсынымдық хаттар таратылды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде Жетісу облысының полиция департаментімен бірлесіп 16-31 желтоқсан аралығында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасының жоспары бекітілді»-деді.