«Таза Қазақстан» бастамасы — саналы өмір салтын насихаттайды

9

Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс. Сенбіліктер апта сайын өтіп, қала қоқысы тонналап жиналды. Осы бастаманың аясында ағаш отырғызылып, қала көріктене түсті. Бұл акция еліміздің барлық аймағында қолға алынып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды.

 Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес,  түрлі мекеме қызметкерлері мен  ардагерлер да атсалысуда. Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Таза Қазақстан» акциясы екі мәселені көздеп отыр. Біріншіден,көріктендіру, тазарту. Екіншіден, экологиялық мәдениетті тарату. Экологиялық талаптарды,  бәрі біледі,  Бірақ әдеп жоқ. Тазалап қана қоймай келесі де алдын алу мәселесін жүйелі түрде іске асыру керек.  Мүмкін мектептерде сабақ енгізу керек шығар. Баланы жасынан тазалық мәдениетіне үйрету керек болар.

                                                                                                   Болат Турусбеков,

Талдықорған қаласы қоғамдық кеңестің мүшесі, Жетісу облысы ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы орынбасары  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз