Электронды сигареттердің зияны

17

Электронды сигареттер (ЭС) денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді, олардың зияны әдеттегі сигареттерге қарағанда әлдеқайда көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  мәліметтері бойынша, 15 жастағы жасөспірімдердің шамамен 32%-ы электронды сигареттерді бір рет болса да
пайдаланды.

Мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінен алынған деректер, жастардың бұл құрылғыларды пайдалануын растайды. Электронды сигареттердің негізгі қауіпі — олардың құрамында никотин болуы. Никотин организмге тәуелділік туғызады және жүрек-қантамыр жүйесі мен тамырлардың атеросклерозы, гипертония сияқты ауруларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ЭС шығаратын бу құрамында токсикалық
заттар, соның ішінде формальдегид және ацетальдегид болады. Бұл заттар бронхит, астма, пневмония және өкпе қатерлі ісігі сияқты ауруларға себеп болуы мүмкін.

Қазкен Кульчикова, Жоғары санатты дәрігер, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз