Балалар мен жасөспірімдер арасындағы теңгерімсіз тамақтанудың салдары

18

Балалар мен жасөспірімдер денсаулығының негізі олардың күнделікті тамақтану рационына тікелей байланысты. Теңгерімсіз тамақтану – бұл ағзаға қажетті дәрумендер, минералдар мен қоректік заттардың жеткіліксіз мөлшерде түсуі немесе артық мөлшерде қабылдануы.

Мұндай жағдай балалардың денсаулығы мен дамуында көптеген жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Дұрыс тамақтанбау балалардың физикалық дамуына тікелей әсер
етеді. Мысалы, ақуыздар мен кальцийдің жеткіліксіздігі сүйек және бұлшықет жүйесінің әлсіз дамуына әкеледі. Сонымен қатар, темір мен В тобының дәрумендерінің жетіспеуі қаназдыққа (анемияға) себеп болып, баланың шаршағыштығын арттырып, оқудағы үлгерімін төмендетеді. Сонымен қатар, теңгерімсіз тамақтану балалардың иммунитетін әлсіретеді, бұл оларды түрлі жұқпалы ауруларға бейім етеді. Әсіресе, дәрумендер мен
минералдардың тапшылығы, мысалы, С дәруменінің жетіспеуі суық тию мен басқа инфекциялардың жиілеуіне әкеледі. Фастфуд, газдалған сусындар мен тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтыну жасөспірімдер арасында семіздікке душар етеді. Бұл өз кезегінде қант диабеті, жүрек-қан тамыр аурулары сияқты созылмалы аурулардың даму қаупін арттырады.

Қазкен Кульчикова, Жоғары санатты дәрігер, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз