Талдықорғанда «Ұлан» шағын ауданындағы абаттандыру жұмыстары аяқталды

32
Талдықорғанда көп жылдан бері өзекті мәселенің бірі болып келген «Ұлан» шағын ауданындағы 5 ауланы абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Бүгінгі күні заман талабына сай ретке келтірілген аулаларда футбол, баскетбол алаңы, балалар және спорт кешендері мен серуендеуге арналған алаң да қарастырылған. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер жолақтары жарықтандырылып, мүгедектігі бар азаматтардың көліктерін қоюға арналған көлік тұрағы да бар. Естеріңізге салсақ аталмыш шағын аудандағы абаттандыру жұмыстары 90 жылдардың басынан бері жөндеу көрмей келген, тұрғындар қала әкімімен кездесуінде ауланы бір реттке келтіріп, жөндеп беруді сұраған болатын. Қала әкімі Ернат Бәзіл тұрғындардың көтерген мәселелеріне бей-жай қарамай жауаптыларға тиісті тапсырма беріп, көктем айында ауқымды жұмыстар басталып, қараша айында ел игілігіне беріліп отыр. «Қаламызда 300-ге жуық аула бар. Бүгінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының аясында 5 балалар ойын алаңын салсақ, ал 2025 жылы осы бағдарламаның аясында 21 ойын алаңын, қолданысқа бермекпіз. Осылайша қаламыздағы аулаларды бір қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз. Енді аулвларды ағымды жөндеу жұмыстарынан емес, толыққанды заман талабына сай болуы үшін тек күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізетін боламыз. Тұрғындарды таза, жарық, барлық керекті жабдықтармен қамту біздің басты міндетіміз», — деді қала әкімі Ернат Бәзіл.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз