Облыс орталығы Талдықорған қаласында қала әкімдігінің бастамасымен және Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Әлеуметтік базарда» облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал және Көксу аудандары мен қатар Талдықорған, Текелі қалаларының және «Жетісу» АК АӨК қатысты. Онда 30 тоннадан астам 50 түрлі азық-түлік тауары қала тұрғындарына саудаланды. Жалпы осындай ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты бағаны тұрақтандыру және азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз қымбаттауын болдырмау. Жәрмеңкеге облыстың 5 ауданы мен қалаларының тауар өндірушілер қатысты. Өткізілген тауарлардың құны Талдықорған базарларының орташа бағаларынан қарағанда 15-20 пайыз төмен болды. Қызу сауданың көрігі қайнаған бір күнде 3175 келі ет, 500 келі балық, 1225 келі сүт өнімдері, 3990 келі картоп, 6530 келі көкөніс, 3500 келі жеміс-жидек, 790 келі басқа да азық-түлік саудаланды. Сондай-ақ, жәрменкеде тұрғындар ет, сүт өнімдерінен басқа Ақсу және Көксу қант зауытының әкелген 10 тонна қантқа да сұраныс жоғары болды.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі