Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға қатысуының орындылығын бағалауға бағытталған талдау жүргізді.
Талдау қорытындысы бойынша «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жанындағы Исатай Исабаев атындағы «Өнер мектебі» МКҚК монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.
Анықталған бұзушылыққа байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.
Департамент осындай бұзушылықтардың алдын алу және бәсекелестік ортаны қорғау үшін заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.