«Таза Қазақстан»: Алакөл мен Балқаш жағалауы жанданады
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы нәтижелі жүзеге асып, өңірдің инфрақұрылымы мен экологиялық жағдайы айтарлықтай жақсарды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.
2025 жылы облыс көлемінде ауқымды абаттандыру жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, өңірде 21 саябақ пен аллея, 2 орталық алаң және 49 аула жаңартылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін 81 спорттық ойын алаңы...
Қазақстанда креативті индустрияны мемлекеттік қолдау қағидалары бекітілді
Қазақстанда креативті индустрия субъекттерін мемлекеттік қолдау және ынталандыру қағидалары бекітілді. Жаңа құжат саланы дамытудың жүйелі әрі ашық тәсілін қалыптастырып, креативті жобалардың идея мен пилоттық шешімдерден бастап, халықаралық нарықтарға шығу және коммерцияландыруға дейінгі кезеңін қамтиды.
Қаржыны қайтару мәселесіне де ерекше мән берілген. Мемлекеттік қолдау жобалардың тұрақтылығы мен экономикалық жағдайына бағытталып, грант арқылы қаржыландыру үлесін барынша азайтуды және жеке инвестиция тартуды көздейді.
Құжатта...
АШМ-де сиыр еті экспортына енгізілген шектеулер түсіндірілді
Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін шығаруға қатысты жаңа шектеулерді қолдану тәртібін түсіндірді.
2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап ІҚМ етін Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне әкетуге арналған квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізілді. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады. Ірі қара мал етін экспорттауға арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде белгіленді.
Квота меншікті бордақылау алаңындағы...
ДӘСТҮРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАУ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Рождествомен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Өңірдегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Қоғамды ұйыстыра түсетін бұл жарқын мереке азаматтарды толерантты болуға үндеп, мейірім, бейбітшілік, түсіністік сияқты мәңгілік құндылықтарды паш етеді.
Біздің көпконфессиялы өңірімізде дәстүрлерге құрметпен қарау, өзара сенімде өмір сүру бірлік пен келісімнің негізі болып отыр. Қоғамда бір-біріне қолдау көрсету, ортақ ұмтылыстар өз кезегінде өңірдің табысты дамуын қамтамасыз етеді...
Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторингілеу күшейтілуде
Жетісу облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған шаралар тұрақты атқарылуда. Аталған тауарлар бағасын мемлекеттік бақылау мақсатында Жетісу облысы бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссияның құрамында сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеп-тексеру, статистика, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларының, «Жетісу» ӘКК-нің және аудан-қала әкімдіктерінің өкілдері бар. Бұл...
Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берді.
Мәселен, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінің «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғаннан бері 500-ге жуық ұсыныс келіп түскен. Халық арасынан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жолданған ұсыныстар мен...
ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді
Полиция 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы...




























