-2.3 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 27 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 90

Қазақстандықтардың 80%-тен астамы Президентке қолдау білдіреді — әлеуметтанулық зерттеу

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты. Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр. Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%)....

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Қала әкімі Ернат Бәзіл Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі мерекелік жиынға  арнайы қатысып, ұстаздар қауымы мен оқушыларды білім күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде білім мен ғылымның ел дамуы мен болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі мұғалімдердің еңбегіне жоғары баға берді. «Бүгінгі алғашқы қоңырау мерекесі бәріміз...

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды. Барлық заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер санақтан sanaq.gov.kz сайтында өте алады. Бюроның тіркеліміне сәйкес, санақ 22 мың ірі кәсіпорынды және 271 мың шаруа, фермер қожалықтарын және жеке кәсіпкерлерді қамтуы тиіс. Тамыз айында онлайн-санаққа 574 мың респондент қатысты. Оның ішінде 245,7 мыңнан астамы –...

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жылыту маусымына дейін 17 ауылға табиғи газ беріледі

Кербұлақ ауданындағы 63 елді мекеннің 26-сы өңірлік газдандыру схемасына сәйкес газдандыруға жатады. Қазіргі уақытта 18 елді мекенде газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталды, соның ішінде Сарыөзек  елді мекенінде газ бар. Ал жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 17 ауылға газ беріледі. Бұл туралы аудан тұрғындарымен өткен кездесу барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көгілдір отынды...

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау мерзімі аяқталуда

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді 2025 жылғы 2 қыркүйек (қоса алғанда) сағат 18:30-ға дейін қабылдайды. Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру үшін институционалдық қолдау көрсету. Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК. Өтінімді premiya2025@cisc.kz  электронды...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзі

Құрметті отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл егемен еліміз үшін тарихи сәт болды. Баршаңызға құтты болсын деймін. Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Себебі Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, Тәуелсіздігіміздің айнымас темірқазығы. Қазақ – Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады. Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты. Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі...

Конституция күнінде Жетісуда 3 медициналық, 3 мектепке дейінгі мекеме ашылып, мәдениет үйі мен әлеуметтік қызмет орталығы жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Жетісу облысында бірқатар жаңа нысандар іске қосылды. Мәселен, Көксу ауданында «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екі бірдей фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілсе, Алакөл ауданында жаңа медициналық пункт іске қосылды. Сол сияқты Көксу ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, Панфилов ауданында күрделі жөндеуден кейін ауылдық мәдениет үйі, Алакөл, Көксу, Панфилов аудандарында жаңа балабақшалар есігін...

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Ел Конституциясының 30 жылдығы аясында Жетісу облысында тәулігіне 120 тонна жүгері дәнін кептіретін цехы бар құрамажем зауыты ашылды. Экспортқа бағытталған кәсіпорын Панфилов ауданының Жаркент қаласында іске қосылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл Қазақстан-Қытай бірлескен жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде аудан экономикасына 500 млн теңге инвестиция тартылып, 30-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. – Кептіру кешені бар зауыттың іске...

КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ, ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтауы    Құрметті жетісулықтар!  Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Осы жылдар ішінде Ата Заң тәуелсіздікті нығайтудың және азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғаудың кепілі бола отырып, елдің экономикалық қуатын арттыруды, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі күні іске асырылып жатқан президенттік реформалар «Заң және...