3.5 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 26 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 84

Елордадағы ерекше күн

Апта басы айшықты жаңалықпен басталды. Жетісу жерінен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауына арнайы делегацияның қатарында Елордаға келуім ерекше есте қалған күннің бірі болды. Бұл Мемлекет басшысының былтырғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атап, қатардағы еңбек адамының беделін арттырып, имиджін қалыптастыруға бағыттаған жүйелі тапсырмасының жемісі десем артық айтқандығым емес. Өзім жазиралы Жаркент өңірінде су шаруашылығы саласында еңбек етемін. Жасыратыны жоқ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті депутаттар! Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды. Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет. Жалпы, Парламент депутаттары елімізде түбегейлі реформалар жасау жолында маңызды рөл...

Екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Дмитрий Тураевпен кездесу өткізді. Кездесуде қос тараптың өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жиында Диас Есдәулетов облыстың экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, туризм, баламалы энергетика мен өнеркәсіп бағыттары жайлы қысқаша баяндады. Сонымен қатар инвесторлар тарту...

Су мәселесі – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Үкіметке су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Оның айтуынша, бұл сала ұлттық цифрлық жаңғырудағы негізгі бағыттардың біріне айналуы қажет. – Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Соңғы екі жылда осы саланың институционалдық негізі қалыптасты: Су кодексі қабылданып,...

Тоқаев: Қазақстанда зейнетақы жинақтарының деңгейі төмен

8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне қатысты түйткілдерді атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Мемлекет басшысының айтуынша, елде зейнетақы жинақтарының көлемі әлі де төмен. Бұл мәселе әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында айқын байқалады. Президент Үкіметке Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды тапсырды. – Зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді...

Алатау сити қандай қалаға айналады? – Тоқаев тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында Алатау сити жобасының болашағына тоқталып, оның мәртебесі мен дамуы жөнінде нақты тапсырмалар берді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Президенттің айтуынша, Алатау сити Үкіметке тікелей бағынатын ерекше құқықтық мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына мүмкіндік беретін маңызды құрал болмақ. «Алатау сити өңірдегі толық цифрландырылған...

«Қазір арқан тартысатын уақыт емес» — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – жоғары инфляция екенін атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция экономикалық өсімге де, халық табысына да кері әсер етіп отыр. «Бұл мәселенің дайын шешімі жоқ. Көп елде ортақ проблема болғанымен, Қазақстанда айрықша өткір сипатқа ие. Біз осы макроэкономикалық шеңберден шығуымыз керек. Қиын, бірақ қажет қадамдарға баруға...

Тоқаев жаңа министрлік құруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа министрлік құруды тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.  «Қолданыстағы салалық ведомствоның негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Бұл ведомствоны вице-премьер деңгейіндегі білікті маман басқаруы тиіс», – деді Президент. Осылайша, Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласын дамыту мен цифрлық реформаларды жеделдетуге айрықша назар аудару керектігін атап өтті.