-0.9 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 26 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 81

Шекарашылар Қазтест жүйесі бойынша сынақ тапсырды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын Қазтест сынағын тапсырды. Бұл шара шекара қызметшілерінің мемлекеттік тілдегі құзыреттілігін арттыруға, кәсіби даярлығын жетілдіруге және мемлекеттік қызметтегі тіл саясатын ілгерілетуге бағытталған. Қазтест жүйесі бойынша тестілеу тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылымдарды меңгеру деңгейін айқындады. Шекарашылар емтихан барысында өздерінің тілдік дайындықтарын көрсетіп,...

Әсіре діншілдіктің азабы ауыр

Хакім Абай  Ахмет Риза медресесінен білім алып, ауылға оралғанда қажы Құнанбай не үйреніп келгенін сұрайды. Сонда бала Абай «Фатиха мен Ықыласты» меңгергенін айтып, сөзін қысқа қайырады. Сонда болыс ұлының жауабына риза болып, ары сөзге тартпайды. Жарықтық, әжем 6-сынып оқып жүргенімде мешітке қуатын. Сондағы «қазір Құран жаттап ал, кейін кеуден піскенде жүрегіне қонбайды» дегені екен. Білімсіз дінге кірсеңіз, балшыққа батасыз....

Жетісудағы Ескелді ауданының ауылдарында «Таза Қазақстан» бағдарламасымен балалар және спорт алаңдары салынды

Жетісу облысының Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін балалар ойын және спорт алаңдары салынуда. Мәселен, соңғы екі жылда осындай нысандар Қарабұлақ, Матай Байысов, Ақын Сара, Ешкіөлмес, Абай ауылдарында орнатылды. Аталған экологиялық бағдарлама аясында көркейтіліп жатқан Қарабұлақ ауылындағы саябақтың абаттандыру жұмыстарымен облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың танысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз...

Жетісу облысының жедел жәрдем қызметі тағы 29 жаңа көлікпен күшейтілді

Жетісу облысының жедел жәрдем қызметі тағы 29 жаңа көлікпен күшейтілді. Арнайы автомашиналар кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы орталық алаңда өткен шарада өңір басшысы ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру, сол арқылы халықтың денсаулығын сақтауға жағдай жасау мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. - Соңғы үш жылда облыста медициналық жабдықтармен қамту 93%-ға...

Жетісу облысы: цифрландыру мен жасанды интеллект – басқарудың жаңа моделі

Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – уақытша үрдіс немесе қосымша құрал емес, мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі бағыты. Бұл бағыт биліктің тиімділігін арттырып қана қоймай, ашықтық пен азаматқа бағдарлануды қамтамасыз етеді. Жетісу облысы осы міндетті басымдық ретінде қабылдап, бүгінде нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Бұл туралы Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Темірбаев пен...

Жетісудың Ескелді ауданында үш жылда пайдаланылмай жатқан 30 мың га жер мемлекет қорына қайтарылды

Жетісу облысының Ескелді ауданында соңғы үш жылда пайдаланбай жатқан 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, соның 26 мың га - жайылым, 3,7 мың га - егістік, 300 га - шабындық. Бүгінгі күнге қайтарылған жерлердің 21 мың гектары  немесе 69% айналымға тартылды. Оның 5 мың гектары конкурс арқылы, 16 мың гектары ауданның барлық ауылдық округтеріне қоғамдық жайылым ретінде берілді....

Жетісу облысының тұрғындары алдын ала практикалық емтихан тапсыра алады

Жетісу облысының тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін негізгі емтихан тапсырар алдында алдын ала практикалық емтиханнан өту мүмкіндігі бар. Бұл қызмет Талдықорған қаласы, Шығыс шағын ауданы, Нұрмағанбетов к-сі 28 және Панфилов ауданы, Головацки к-сі 51Б мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі. Ағымдағы жылдың басынан бері бұл қызметті 2 мыңнан астам тұрғын пайдаланып үлгерді. Алдын ала практикалық емтиханнан өту...

Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті

  Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен ел Президентінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде жиын өтті. Жиынға облыстық басқармалардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сол сияқты онлайн режимде аудан-қала әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы...

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдер қабылдау жалғасады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындады. 2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау T.URPAKTARY25@GMAIL.COM поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» - 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар...

Президент Жолдауы – Жаңа Дәуірге Қадам

2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің даму бағытына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нақты міндеттерді айқындады. Жолдаудың басты тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект (AI)– елдің болашағына тікелей әсер ететін басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл...