18.7 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 79

Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға кірген тұрғындардың қозғаған тақырыптары негізінен мемлекеттік қордан тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, білім гранты мәселелеріне қатысты болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Баспана мәселесін көтерген азаматтарға тұрғын үй бөлу функциясы өткен жылдың мамыр айынан бері «Отбасы банк» АҚ-ға берілгендігі, қазіргі жаңа талаптарға сай үй кезегіне тұру...

Қазақстанның туристік локацияларында түсірілген Димаштың халықаралық жобасының премьерасы Қытайда өтеді

Биылғы 5 ақпанда Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтеді. Бағдарламаның түсірілімі толық Қазақстанның туристік локацияларында өтті және 6 өңірді қамтыды. Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынып, Hunan Broadcasting System медиахолдингімен бірге жүзеге асырылды. Voice Beyond Horizon әртүрлі елдердің өнерпаздарын біріктірумен қатар Қазақстанның табиғи әралуандығын және туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге таныстырады. Түсірілімдер Түркістан,...

Жетісудағы экологиялық туризм: ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 40 мыңға жетті

Жетісу облысының экологиялық туризмін дамытуда басымдық берілетін бағыттың бірі – «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи парктері мен Жоңғар Алатауы жоталары. Бұл ретте инфрақұрылымды дамытуға қатысты қолға алынған шаралардың нәтижесінде аталған екі паркке келушілер саны 2024 жылы 27 мың болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 39,5 мыңға жеткен, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.    Облыстық туризм басқармасының мәліметіне...

ЮНИСЕФ «Қазақстан балалары» (2026–2030) ұлттық бағдарламасының қабылданғанын құптайды

ЮНИСЕФ ел халқының шамамен 34 пайызын құрайтын 6,9 миллион баланың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Қазақстан балалары» (2026–2030) кешенді ұлттық стратегиясының қабылданғанын құптайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленген бағдарлама балалардың мүддесін қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың бірыңғай стратегиялық пайымын қалыптастырады. Ол 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру және балалар қауіпсіздігін нығайту жөніндегі 158 нақты шараны қамтиды, оның жалпы...

Жетісуда туризмді дамыту: биылғы жазғы маусымға дейін Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

Жетісу облысында туризм саласын дамыту бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Осы орайда туристік әлеуеті жоғары Балқаш көлінің жағалауын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында жасаған баяндамасында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының айтуынша, Жетісу облысының туристік дамуында 5 дестинацияға басымдық беріледі,...

Жетісу облысында Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

  Мемлекет басшысының Жетісу облысындағы Алакөл жағалауының туристік инфрақұрылымын және қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, жағалаудың санитарлық жағдайына ерекше назар аударылып отыр. Көл маңында қоқыс шығару мәселесін шешу үшін ауданы 10 га жерге қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бұл ретте биыл жазғы маусымда Алакөл көлінің жағалауында қосымша 100 қоқыс контейнері, 40...

Жыл қорытындысы: Жетісуда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 400 мың шаршы метрден асып, 11%-ға өсті

2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында негізгі салалардың барлығында, оның ішінде құрылыста және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында тұрақты өсімге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 412,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Осы орайда Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында «Самұрық-Қазына» инвестициялық холдингінің қаражаты есебінен...

Қазақстанда алғаш рет 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді

Бұл тұжырымдама - балалық шаққа қатысты мемлекеттік саясаттың бірыңғай стратегиялық құжаты.  Ол 6,9 млн баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған шараларды нақты қадамдармен, өлшенетін нәтижелермен және ведомствоаралық жауапкершілікпен біртұтас жүйеге біріктіріп, ел бойынша балалық шақты қорғаудың жаңа архитектурасын қалыптастырады. Толығырақ – карусельде. Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі нің ресми интернет ресурсы Қазақстанда алғаш рет 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді – балалық шақ...

Туризмді дамыту: өңірлерде қандай жұмыс жүргізілуде

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында бірқатар өңірлер әкімдерінің туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады. Атап айтқанда, облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстың туристік саласын дамытудың негізін 5 басым бағыт қалыптастыратынын атап өтті: Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауының тау жотасы. Соңғы үш жылда облыста туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд теңге бөлінді,...

Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда

Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Үкімет отырысында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады. Оның айтуынша соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық...