Бүгіннен бастап ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Қазіргі уақытта елімізде барлығы 27 ақылы жол бар. Ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап...
Ескелді ауданында соңғы 3 жылда 20 әлеуметтік нысан салынды, ауылдардағы 45 көше жөнделді, 17 ауылға көше жарығы орнатылды
Жетісу облысының Ескелді ауданында соңғы 3 жылда ауылдардағы 45 көшеге, 42 шақырым облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 17 ауылда көше шамдары орнатылды. Оған қоса 20 әлеуметтік нысан салынып, 7 нысан жөндеуден өтті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ескелді ауданының халқымен кездесуі барысында аудан инфрақұрылымын дамытудың жай-күйіне тоқталған өңір басшысы Бейбіт Исабаев халықты сапалы ауыз сумен...
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық квест өтті
Қала іргесіндегі әсем табиғатымен көркем, тарихи жәдігерлерге бай өлке «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық квест ұйымдастырылды. Аталған шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында және Қала күні мерекесіне орай өтті.
Тазалық шарасына қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, қоғам белсенділері, табиғат жанашырлары және ерікті жастар қауымы қатысты. Шараның мақсаты табиғатты аялау, оның тазалығын сақтау арқылы жас буынның бойына экологиялық мәдениетті терең сіңіру және оны...
«MISS TALDYQORGAN – 2025» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды
Облыс орталығы Талдықорғанда Қала күні қарсаңында көпшілік асыға күтетін дәстүрлі «MISS TALDYQORGAN – 2025» сұлулық байқауының ақтық кезеңі өтті.
Биылғы байқауға 30-дан астам ару өтініш білдіріп, олардың арасынан 15 бойжеткен ақтық сынға жолдама алды. Бұл сұлулар алдын ала іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, финалға өткен үздіктер қатарынан табылды.
Байқаудың басты ерекшелігі — «MISS KAZAKHSTAN-2025» сұлулық байқауының PR-директоры Құралай Құрманның арнайы келіп, әділқазылар...
«Бақыт құшағында» мюзиклы 23 қазаннан барлық кинотеатрларда
2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығымен композитордың әндерімен шабыттана отырып өндірілген.
Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York Film Academy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен...





























