Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды – Мұрат Абенов
Конституциялық реформа аясында Ата заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлім етті.
«Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, «республикалық референдум» деп жазылғанын білесіздер. Дегенмен, референдумдар ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі тиіс. Сондықтан референдумның атауында басқару нысаны емес, халықтың бірлігі, референдум өткізудің негізгі талабы атап өтілуі керек. Осыған байланысты...
Дания Еспаева: бізге жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет
Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Ата Заңға ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі тек қана жекелеген түзетулер аясында қалмайтынын, Конституцияның жаңа мәтінін әзірлеу қажеттігіне объективті түрде алып келетінін айтты.
Оның сөзінше, бастапқыдағы парламенттік реформа туралы бастама, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың трансформациясы, цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы Ата Заңды кешенді түрде қайта қарауды талап етеді. Комиссияға екі мыңнан...
Конституцияда заңдардың кері күшіне тыйым салу ұсынылды
Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституцияда заңдардың кері күшіне тыйым салу қажеттігін мәлімдеді.
Оның айтуынша, реформаға халықтың қызығушылығы өте жоғары, көптеген қазақстандықтар партия филиалдары арқылы талқылауларға белсенді түрде қатысып жатыр.
«Азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе жауапкершілікті күшейтетін заңдардың кері күші болмауы тиіс деген норманы қолдаймын. Бұл адамға бағдарлану қағидатына сай келеді және болашақ заңдар үшін негіз...
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды
Конституциялық комиссияның бесінші отырысында егемендікті нығайту, тікелей демократия тетіктерін кеңейту және дәстүрлі құндылықтарды бекіту мақсатында Ата заңның бірқатар ережелерін қайта қарау бастамасы талқыланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Еркін Дүйсенов, Конституция мәтінінде мемлекеттік құрылыстың қазіргі заманғы міндеттерін ескере отырып, Ата заңның ережелерін жүйелі түрде қайта қарауды талап ететін терминологиялық жаңсақтықтар мен мен стилистикалық бұрмаланулар бар екенін атап өтті.
Конституцияның 3-бабы...
Қоғамның санасы өзгеріп, азаматтардың талабы күшейді – Жақып Асанов Конституциялық реформа туралы пікірін білдірді
Конституцияға енгізілетін өзгерістер көптің көкейіндегі негізгі сұраққа айналып отыр. Сондықтан Конституциялық реформаның әр азаматқа не үшін қажет екеніне айрықша назар аударылады. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов осылай деп мәлімдеді.
«Абай ғұлама заң мен әділдікке көп мән берген. Сөздерінің төркіні: заң дұрыс жұмыс істемесе, әділдік әлсірейді, ал әділдік әлсіресе, қоғамның іргесі сөгіліп, елдің берекесі қашады....
Это уже не правки, а новый смысл: Ерлан Карин о Конституции
Государственный советник Республики Казахстан Ерлан Карин выступил на пятом заседании Комиссии по Конституционной реформе. Он детально рассказал о ключевых особенностях проекта новой Конституции.
В своем выступлении Госсоветник акцентировал внимание на важности глубинного обновления содержательной сути Конституции. Именно она определяет базовые ценности, принципы и ориентиры общественного развития страны.
По словам Ерлана Карина, несмотря на масштабные правовые изменения, которые затрагивают 84% текста Основного...
31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерде ата-аналар үшін «Ашық есік» күні өтеді
31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскер бөлімдерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары үшін «Ашық есік» күні өткізіледі.
Іс-шара аясында ата-аналар ұлдарының қызмет жағдайын көзбен көріп, әскери қызметшілердің күнделікті қызметімен жақынырақ таныса алады.
«Ашық есік» күні бағдарламасына қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсету, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің көрсетілімдік жаттығулары, олардың тұрмыстық жағдайларын, казармалар мен асханаларды көрсету кіреді.
Әскер бөлімдер мен бөлімше...





























