Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституция жобасын талқылады
Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру мақсатында партия активімен кездесу өткізді.
Жиын барысында Конституция жобасының негізгі баптары жөнінде түсінік беріліп, Қазақстан Халық партиясының ұстанымы ортаға салынды. Сондай-ақ конституциялық өзгерістерді жүзеге асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөлі туралы айтылды.
Іс-шарада Қазақстан Халық партиясы БҚО филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Борис Лаврентьев сөз сөйлеп, конституциялық реформаның елдің қоғамдық және саяси өміріндегі маңызды...
Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді – Эльвира Азимова
Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова Қазақстанның жаңа Конституция жобасының маңыздылығына және оның ел дамуы үшін стратегиялық рөліне тоқталды.
«Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы. Ол мазмұнына, құрылымына және баяндау логикасына қатысты жалпыға бірдей танылған халықаралық конституциялық тәсілдерге сәйкес қалыптастырылады», – деді Эльвира Азимова.
Сондай-ақ ол Ата Заңда мемлекеттік саясатқа, қоғамның дамуына қатысты негізгі қағидаттармен қатар, азаматтардың...
«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны тарихи қадам деп бағалады
Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылап, еліміздің саяси жаңғыру жолындағы тарихи қадам ретінде бірауыздан қолдау білдірді.
Жиынды ашқан партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев баяндама жасады. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы деп атады.
– Бұл...
Айдос Сарым: Конституциялық реформа — ел тарихындағы маңызды миссия
Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясының 7-отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасының тарихи маңыздылығына тоқталды.
- Оның айтуынша, әзірленіп жатқан жаңа Конституция елімізді қазіргі геосаяси және құқықтық тәуекелдерден қорғауға бағытталған. Депутат реформаны ел тарихында сирек кездесетін мүмкіндік деп бағалап, қоғам мен азаматтардың қатысуы оның ерекше құндылығын арттыратынын атап өтті.
— Біз бүгін Конституция жасап қана қоймай, елдің болашағын қамтамасыз...
Су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жүргізілуде
Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталды.
Атқарылған жұмыстар аясында 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды.
Су тасқыны қауіпті учаскелерде 14 км су бұру арналары салынды және тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеттері жөнделді, 11 км өзен арналарын және каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 13 км өзен арналары тереңдетіліп, жағалауы нығайтылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17 ауылдық елді мекенді су...
Тұңғыш рет жаңа Конституцияда мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды – Ерлан Қарин
Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның VII отырысында айтты.
Оның сөзінше, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституцияда тарих туралы бір де бір сөз жоқ.
«Жаңа Конституция жобасының Преамбуласындағы «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген сөйлем тарихымыздың үздіксіз сабақтастығын, Қазақстан көшпелілер өркениетінің ошағы екенін айғақтайды. Осылайша,...
Индекс деловой активности Halyk Finance
Halyk Finance запустил собственный индекс деловой активности.
Опрос охватывает более 650 компаний, включает МСБ и крупный бизнес, все ключевые отрасли и регионы, сравнивает квартал к кварталу.
По итогам 4 квартала 2025 года индекс составил 54,9. Это означает расширение деловой активности по сравнению с 3 кварталом.
▪️Крупный бизнес по итогам 4 квартала находится ниже нейтрального уровня - индекс 48,2.
▫️Выручка - 47,8
▫️Заказы и клиенты...
Қазақстан халықаралық міндеттемелерді қолданыстағы құқық негізінде, заң талаптарына сәйкес қолданады – Үнзила Шапақ
Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ осылай деп мәлімдеді.
Оның түсіндіруінше, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу,толықтыру және үйлестіру қағидаттарына негізделеді. Осыған орай, ұсынылып отырған Конституция жобасында халықаралық...
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа Конституция туралы пікір білдірді: бұл сапалы және жан-жақты сараланған құжат
Қазақстанның жаңа Конституциясыныңжобасы – бұл барлық келіп түскен пікірлер менұсыныстарды ескере отырып, ашық түрде дайындалған сапалы әрі сараланған құжат. Бұлтуралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев Конституциялық комиссияныңжетінші отырысында мәлімдеді.
Артур Ластаев жаңа Конституция жобасыашық жарияланғанға дейін ұзақ және қажырлыжұмыс жүргізілгенін атап өтті.
«Бірнеше ай бойы белсенді талқылау.Жұмыс тобында да, біздің Комиссияотырыстарында да. Секцияларда да қызу пікірталастар болды, нақты дәлелдер келтіріліп,...
Депутат халықаралық шарттардың басымдығына қатысты Конституциядағы өзгерістерді түсіндірді
Халықаралық шарттар мен ұлттық заңнама арақатынасы мәселесі көп жылдан бері сарапшылар мен қоғам арасында талқыланып келеді. Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді.
«Біз әріптестерімізбен бірге жоба нормаларын мұқият зерделедік. Маңыздысы – жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттары мен халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларының заңдық күшін жоққа шығаратын ешқандай ереже жоқ»,...





























