Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа Конституция туралы пікір білдірді: бұл сапалы және жан-жақты сараланған құжат

4
Screenshot

Қазақстанның жаңа Конституциясыныңжобасыбұл барлық келіп түскен пікірлер менұсыныстарды ескере отырып, ашық түрде дайындалған сапалы әрі сараланған құжат. Бұлтуралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілАртур Ластаев Конституциялық комиссияныңжетінші отырысында мәлімдеді.

Артур Ластаев жаңа Конституция жобасыашық жарияланғанға дейін ұзақ және қажырлыжұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Бірнеше ай бойы белсенді талқылау.Жұмыс тобында да, біздің Комиссияотырыстарында да. Секцияларда да қызу пікірталастар болды, нақты дәлелдер келтіріліп, диспуттар өтті. Бірақ мақсатымыз ортақ болды – мемлекетімізді одан әрідамытудың теңгерімді стратегиялық құжатындайындау», деді ол.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілотырыстардың онлайн форматта көрсетілгенін, осылайша, қазақстандық мемлекеттіліктің ең жоғары негізі жабық емес, кабинет ішінде емес, барынша ашық түрде әзірленін атап өтті.

«Комиссия салмақты және жан-жақты сараланған жобаны дайындау үшін қаншауақыт қажет болса, сонша уақыт жұмсады депсанаймын», деді Артур Ластаев.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан қоғамыжауапты кезеңге аяқ басып жатыр: алдағы уақытта ел өмірін айқындайтын құжатталқылануда.

«Ең бастысыбұл кезеңде орынсыз қызбалыққа ұрынбау, жалған және бұрмаланған ақпарат таратпау керек. Дәлелдідиалогты жалғастырып, тарихи үдерістегі өзжауапкершілігімізді сезінуіміз қажет», дедіАдам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Артур Ластаев Ата заң жобасында адамныңбарлық құқықтары мен бостандықтарысақталғанын, ал кейбір мәселелерде күшейтілгенін атап өтті.

«Преамбулада еліміздің тарихында алғашрет азаматтардың құқықтары менбостандықтарын мүлтіксіз сақтау қағидаты жарияланды. Енді бұл мемлекет қызметініңқағидаттарының біріне айналады. Оны енгізубарлық негізгі қоғамдық институттардыңДНҚсына адам құқықтарының басымдығыненгізеді. Мемлекет пен оның азаматтарыныңқұндылық бағдарларын белгілейді» деді ол.

Артур Ластаевтың пікірінше, адамқұқықтарына арналған бөлімнің атауын өзгертудің өзі олардың бастылығын анықтайды. Бұл ретте бөлім үш санатқа құқықтар, бостандықтар мен міндеттергенегізделеді.

«Яғни қарапайым тілмен айтқанда: «Меністей аламын», «Мен таңдаймын», «Менміндеттімін». Олар жеке және қоғамдықмүдделер арасындағы тепетеңдікті қамтамасыз ететін рұқсат етілген, еркін жәнетиісті мінез-құлық шегін анықтайды», деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Жеке бас бостандығына қатысты нормаларға түсініктеме бере отырып, ол жаңаКонституцияға сәйкес қамауда ұстауғашағымдану құқығын сақтай отырып, сот шешімібойынша ғана жол берілетінін атап өтті. Бұлретте құқық субъектісіне, өзінің құқықтары менбостандықтарын заңды тәсілдермен, соның ішінде қажетті қорғаныспен қорғау құқығы жаңаредакцияда сақталған.

Сонымен қатар жаңа Конституцияныңжобасында жеке өмірге және дербесдеректерге қол сұғылмаушылыққа тікелейкепілдік беріледі, бұл қарқынды цифрландыружағдайында үлкен маңызға ие.

Артур Ластаев сондай-ақ ар-ождан менқозғалыс бостандығына, еңбекке, тұрғын үйге,меншікке және денсаулықты қорғауға құқықүнемі қорғалалатынын атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілмемлекеттің зайырлы сипатын сақтауды толыққолдады. Оның айтуынша, Қазақстан бір діндіекіншісінен жоғары қоймайды, атеистерге де,діндарларға да қысым көрсетуге жол бермейді, ар-ожданның толық еркіндігін қамтамасызетеді.

«Зайырлы сипат елдің институционалдықтепе-теңдігін нығайтады және теологиялықілімдер бойынша әйелдер мен балаларқұқықтарының бұзылмауын қамтамасыз етеді.Бұл әсіресе қалыңдықты алып қашумен күресужәне оларды діни рәсімдер бойынша некегемәжбүрлеу тұрғысынан қарағанда аса өзекті.Сондықтан біз Конституцияда ескішілдік сарқыншақтарын жоятын жаңа норманытолығымен қолдаймыз. Некені тек мемлекеттіркеуі керек. Некедегі ерлер мен әйелдер тең құқықты», деді Артур Ластаев.

Қорытындылай келе, ол Комиссияхалықаралық стандарттарды, Қазақстанныңерекшеліктерін және одан әрі мемлекеттікқұрылыстың прогрессивті идеяларын ескеретінсапалы және жан-жақты сараланған құжатдайындағанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз