24.9 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 7 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 7

Жетісу өңірі “Жер сағаты” акциясына белсенді қатысты

28 наурыз күні Қазақстан бойынша, соның ішінде Жетісу облысында да әлемдік экологиялық бастама — Жер сағаты акциясы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шара қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды. Биылғы акцияның басты тақырыбы – елдегі экотуризмді дамыту болды. Осыған орай, Жетісу облысында табиғатты қорғау мен оны ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында...

«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды

Бүгін Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және көгалдандыру шаралары өткізілді. Бұл іс-шараларға 7300-ге жуық  адам қатысып, соның нәтижесінде 450 гектар аумақ тазартылып, 2,2 мың ағаш көшеті отырғызылды. Бұл ретте «7 OZEN» экологиялық акциясы Көксу, Ескелді, Кербұлақ аудандарын қамтып, Көксу өзенінің арнасы тазаланды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Экологиялық акцияға қатысқан облыс әкімінің орынбасары...

«Арасан» шекара бөлімшесінде ашық есік күні өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Арасан» шекара бөлімшесінде «Жас шекарашы» үйірмесіне арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында оқушыларға шекара қызметінің ерекшеліктері таныстырылып, әскери техника мен құрал-жабдықтар көрсетілді. Кездесу жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтып, әскери мамандыққа қызығушылығын арттыруға бағытталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Наурыз мейрамы атап өтілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Қорғас ауданы бойынша шекара басқармасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аталып өтті. Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, мерекелік дастархан жайылып, ән-күй мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бірлік пен татулықты дәріптеуге бағытталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілері запасқа шығарылды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығарып салу іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында әскери қызметшілердің адал қызметі атап өтіліп, оларға алғыс білдіріліп, алдағы өмір жолына сәттілік тілектер айтылды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Шекаршылармен дәріс өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы жеке құрамымен Үшарал қаласындағы «Halyk Bank» бөлімшесінің сандық қызмет менеджері Серік Маяның қатысуымен «Қаржылық сауаттылық және алаяқтықтан қорғану» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында қаржылық қауіпсіздікті сақтау, интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары және заманауи банк қызметтерін тиімді пайдалану тәсілдері түсіндірілді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Отбасы құндылықтарына арналған бейнеролик байқауы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында әйелдер кеңесінің бастамасымен жеке құрам арасында отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған қысқа метражды бейнеролик байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша сержант Б. Молдахметовтің отбасы үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Зейнеткерлікке шығарып салды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Сарқан» шекара бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, старшина А.К. Калиеваны құрметті зейнеткерлікке шығарып салу шарасы өтті. Іс-шара барысында оның ұзақ жылдар бойғы адал қызметі атап өтіліп, әріптестері тарапынан алғыс білдіріліп, ізгі тілектер айтылды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады — «Жер сағаты» акциясы өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»ихалықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді. «Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін...

Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді

Digital Kazakhstan халықаралық форумы аясында ауылдық елді мекендерді Fixed Wireless Access (FWA) технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы көрсетілді. Жобаны «Ауыл Телеком» ЖШС жүзеге асыруда. Бастама еліміздің шалғайдағы және экономикалық тұрғыдан жетуі қиын аймақтарында заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Тұсаукесер барысында желінің қазірдің өзінде 120 ауылда іске қосылғаны және 120 базалық станция орнатылғаны айтылды. Бұл жоба 67 мыңнан астам...