16.6 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 66

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары өткізді

Ел тұрғындары арасында Конституцияның жаңа жобасын талқылау жалғасып жатыр. Бұл үдеріске Қазақстан Халық партиясы белсенді түрде қатысып отыр. Партияның өңірлердегі филиалдары жүргізіліп жатқан реформаны халыққа түсіндіру мақсатында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz. Балқаш қаласындағы Р. Қошқарбаев атындағы техникалық колледжде конституциялық тақырыпта мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға Балқаш қалалық филиалының жетекшісі Қаныш Ысқақ, қалалық мәслихат депутаты Александра Аглюкова және Отбасын қолдау...

Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығын жаңа Конституцияда бекіту ұсынылады

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаухалықаралық қорының президенті ҚарлығашЖаманқұлова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысындаҚР жаңа Конституциясына әрбір азаматтыңмемлекеттік органдар мен лауазымдыадамдардың заңсыз әрекеттерінен немесеәрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығытуралы норманы енгізуді ұсынды. Ол сөз басында Комиссия мүшелерінекелісу, талқылау және қызу пікірталастардыңкүрделілігіне қарамастан, ашықтық пенсындарлылық ұстанғаны үшін алғысын білдірді. «Заңгер әріптестеріме азаматтық қоғамныңұсыныстарына нақты тұжырым тапқандарыүшін алғыс айтқым келеді», - деді ҚарлығашЖаманқұлова. Адам құқықтарын...

Белгілі заңгер зиянды өтеу құқығын тікелей Конституцияда бекіту туралы ұсынысты қолдады

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата Заң деңгейінде бекітуді ұсынды. Спикер мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды. Дәл осы әрекетсіздік құқықтардың ең жиі бұзылуларына әкеледі. Бұл – өтініштерді қарау мерзімдерінің созылуы, міндетті шешімдердің қабылданбауы, сот актілерін орындаудан жалтару, қызметтік міндеттерге формалды көзқарас таныту. Соның салдарынан адам құқықтық белгісіздікжағдайында...

Жаңа Ата заңның жаңа мәтінінде терминдер бірізге түскен – Талғат Нәрікбаев

Ата Заңның қазақ тіліндегі мәтінімен жұмыс істейтін арнайы топ құрылып, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқарылды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы, профессор Талғат Нәрікбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, терминдер жүйеленіп, қазақ тілі заңдылығына сай жазылған. «Комиссияның алғашқы отырысында көтерілген терминдердің бірізділігі мәселесінің ескерілгенін атап өткім келеді. Мысалы, заңгерлерқолданыстағы Конституцияда «құқылы», «хақылы», «құқығы бар», «құқығы жоқ», «хақысы бар»...

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды

Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді. Айдарбек Қожаназаров, реформаны талқылау алты айдан астам уақыт бойы жүргізілгеніне тоқталды. Осы кезең ішінде жүздеген, мыңдаған азамат өз ұсыныстарын жолдады. Комиссия мүшелері ғана емес, жұртшылық та...

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір заманауи денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған фельдшерлік-акушерлік пункт Сарқан ауданындағы бір ауылдың мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қарғалы ауылында ашылған жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктте жедел медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық және акушерлік көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Нысан ана...

Конституциялық реформаға арналған жан-жақты талқылау өтті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында партияның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаға арналған жан-жақты талқылау өтті. Жиынға Ақмола және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты,  халық талқысына ұсынылып отырған Конституцияның жаңа жобасына енгізілген өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру, оған қатысты ұсынылған өзге де ұстанымдар бойынша пікір алмасу, сондай-ақ Ата Заң жобасын өңірлерде талқылау барысын...

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Жетісу облысында туризмді дамыту аясында дәл қону бойынша парапланеризмнен халықаралық турнир басталды. Аталған жарысқа 6 елден 50-ден астам спортшы қатысуда. Өңірде қысқы кезеңде осындай деңгейдегі жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жарыс ұйымдастырушыларының мәліметінше, ұшулар жеке форматта өтеді, ал турнир 8 ақпанға дейін жалғасады. – Қысқы кезеңде біз дәстүрлі түрде жарыстар өткіземіз, алайда халықаралық...

Конституциялық реформа — елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа - елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Жиынның басты нәтижесі ретінде қатысушы жастар еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістерді толықтай қолдап, арнайы мәлімдеме жасады.                                 «Ауыл» партиясының Орталық аппаратында өткен басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси жаңғырулардың қорытынды кезеңі - жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланды.                                                                  ...

Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен басталды. 2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітіліп және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні болып аталып өтуде. Бұл күннің мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің...