Жаңа Конституцияда меншік нысандарының анықтамасы барынша нақтылануы мүмкін
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясыфракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚРжаңа Конституциясында меншік нысанынбарынша нақтылап бекітуді ұсынды. Ол өзұсынысын Конституциялық реформажөніндегі комиссияның оныншы отырысындаайтты.
Азат Перуашев меншік институтыныңмәртебесі инвестициялық тартымдылық пенэкономиканың оң бизнес-ахуалы үшінмаңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Оның айтуынша, қолданыстағыКонституцияда меншіктің тек екі түріқарастырылған: мемлекеттік және жекеменшік. Сонымен бірге қазіргі экономистеркем дегенде меншікті 5-6 түріге бөледі.
«Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжанжәне басқа елдердің конституцияларындамемлекеттік...
Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, медиа саласының сарапшылары мен ардагер журналистер қатысты. Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы...
Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ҚР жаңа Конституциясының жобасын қолдады
2026 жылғы 9 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан) ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына Халықаралық заңгерлер қауымдастығының өкілдері, халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған конституциялық реформаны және еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық маңызы бар жаңа...
Мұқағали
Мұқаметқали Сүлейменнің баласы,
Мұқағали еркелеткен анасы.
Екеуі де ол Алланың әмірі,
Пайғамбардың есімдері қарашы.
Қарасазда кіндіктері кесілген,
Қара өлең тербеп бесік өсірген.
Арман барма ұрпағында Мұқаңның,
Әр өлеңі соққан желмен есілген.
Құйылғанда көмейінен өлеңі,
Сатып бірін ақша етемін демеді.
Қазағымның түйсігіне сіңіріп,
Жеңілдету өмірлерін керегі.
Бақыт сыйлап әр адамға күлкімен,
Талай жасты өлеңменен сүртіп ең.
Жақтырмадың жағымсуды, жалғанды,
Талайлардың жанарынан үркіп ең.
Қанша өлең кетті желмен шашылып,
Сақталғаны мұқабаға басылып.
Қазағыңның жүрегіне жеткізді,
Шаңы басқан архивтерден ашылып.
Жылқайдарова Роза...
Мұрат Әбенов жаңа Конституция адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қалай қорғайтынын айтты
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасына жасанды әрекетсіздіктен, ұзаққа созылған институционалдық дағдарыс сценарийлерінен қорғаудың пәрменді құқықтық тетіктері енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Атап айтқанда, 46-шы және 62-баптардың бастапқы редакциясы негізгі тағайындауларды қайта келісуден бас тартқан кезде Құрылтайдың таратылуын көздеді, бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес...
Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасының негізгі мәнін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сенат депутаттарымен бірге сарапшылар қауымдастығының, ғылыми және талдау орталықтарының, салалық институттардың өкілдері, сондай-ақ, Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Taldau Community мүшелері қатысты.
Отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың стратегиялық маңызына назар аударды. Сондай-ақ ол жаңа Конституция жобасы қоғамның...
Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған қала жастарының қатысуымен интеллектуалды Meet-up өтті. Кездесу Мәжіліс депутаттарын, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелерін, сарапшыларды және жас белсенділерді біріктіріп, жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы интерактивті форматта ұйымдастырылды.
Іс-шара ашық диалог алаңына айналып, онда жастар тек сұрақ қойып, өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, оларды жасанды интеллекттің аналитикалық қорытындыларымен салыстырды....
Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.
Оның айтуынша, кәсіподақтар үшін бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, талқылауға жұмыс істейтін халықты тұтастай тартудың маңызы ерекше.
«Кәсіподақтардың шамамен екі миллион мүшесінің өкілі ретінде бұл құжатты талқылау комиссия мен сарапшылар ортасының...
Қазақстанның ардагерлер қауымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді.
«Жаңа Конститутция жобасында әрбір азаматқа жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына, науқастануына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға тікелей кепілдік берілген. Сонымен бірге, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың және қайрымдылықтың түрлі нысандарын дамытуға жәрдемдесу міндетін алып отыр, бұл егде жастағы...
Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов
Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі туралы конституциялық норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында білдірді.
Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауды келісуге құқылы екенін айтты. Олардың қатарында Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі бар. Яғни,...





























