-6.4 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 19 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 6

Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.kommersant.ru/doc/8230736, https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-russia-new-fraud-scheme/, https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertv-samim-zvonit-im?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvana-samaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының елдің ресурстық базасын нығайту және газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті. Ведомство басшысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Президент белгілеп берген стратегиялық приоритет болып қала беретінін атап өтті. Есепті кезеңде Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа үш газ кен орыны пайдалануға берілген....

9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді: Үкіметтің бір жылғы жұмыс қорытындылары туралы

Үкіметтің 2025 жылғы жұмысының қорытындысын шығару бойынша Astana Hub-та өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Есепті кезеңде энергетика саласында ең маңызды нәтижелерге қол жеткізілді – инфрақұрылымның ұзақ жылдар бойы созылған тозуы тоқтатылып, активтерді ауқымды жаңарту циклі іске қосылды. «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты енгізілгеннен кейін электр стансаларын жөндеу жұмыстарына салынған капиталдық...

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жыл қорытындысын шығаруда: Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің БАҚ өкілдерімен кездесуі аясында Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды. Мұнай-газ химиясы саласында экономиканың шикізатқа тәуелділігін әртараптандыруға және төмендетуге арналған дәйекті бағыт жүзеге асырылуда. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп отыр және шикізат емес экспорттың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасуда. «Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылауда. Есепті кезеңде Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен мұнай-газ секторын, жанар-жағармай материалдары нарығын және мұнай өңдеуді қамтитын ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісін жалғастырды. Мұнай-газ саласындағы жылдың басты оқиғасы Теңіз кен орнындағы болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды. Зауыттың үшінші буынын...

16 желтоқсан ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 2025 жылдың 16 желтоқсанында, сейсенбі күні, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды. Еске сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО-лар, сондай-ақ мамандандырылған орталықтар, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау жұмыс...

Мемлекет басшысы БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды

Қазақстан Президентінің пайымдауынша, жаһандық су дипломатиясын дамытуда мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың маңызы зор. – БҰҰ жүйесінде тек су мәселесімен айналысатын арнаулы құрылым жоқ. Бұл түйткілді тез арада шешкен жөн. Қазақстан Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Сол арқылы БҰҰ аясындағы түрлі ұйымдардың барлық мандатын бір мақсатқа жұмылдыруға болады. UN-Water ведомствоаралық тетігін БҰҰ-ның толыққанды арнаулы агенттігіне немесе ұйымына айналдыру оңтайлы шешім болар еді....

Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық суды пайдалану, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды

Президент су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беру қажет деп санайды. – Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану – еліміз бен аймақтағы өзге де мемлекеттер үшін стратегиялық, тіпті өмірлік маңызы бар басымдық. Өзге елдерде де солай деп ойлаймын. Трансшекаралық суды пайдалану проблемасын, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық ахуалды уақыт оздырмай шешу мақсатында тиісті...

«Таза Қазақстан»: Жетісуда соңғы екі жылда 29 саябақ салынып, жаңғыртылды және 250 мыңдай ағаш отырғызылды

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жүйелі іске асырылуда. Соңғы екі жылда өңірде 29 саябақ, 2 орталық алаң, көптеген балалар және спорт алаңдары салынып, жаңғыртылды. Облыс көлемінде елді мекендер аумағында 249,9 мың ағаш отырғызылып, орман қоры 27,4 млн. түп ағашқа ұлғайды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты,...

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті

Президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты. ✔Сондай-ақ қос халық арасындағы берік достыққа, тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықты оң бағалайтынын атап өтті. ✔Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады. ✔Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды. ✔Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті...