13 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 59

Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз

Мемлекет басшысы: «Бәріңізге мәлім, Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басты. Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында конституциялық реформаның маңызды тұстары туралы айтқанымды білесіздер. Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби...

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдағанын атап өтті. 💬Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және...

“Арасан” шекара бөлімшесінде әскери ұжымдағы өзара сенім мәдениетіне арналған тренинг өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Арасан» шекара бөлімшесінің мерзімді әскери қызметшілерімен аға лейтенант Т.Дауылбай «Әскери ұжымда өзара сенім мен қолдау мәдениеті» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты - әскери қызметшілер арасында өзара түсіністік пен бірлікті нығайту, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға ықпал ететін жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Іс-шара барысында қатысушыларға ұжымдық қарым-қатынас...

Шекара сақшысы облыстық шаңғы чемпионатында жүлделі орынға ие болды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшісі, ефрейтор Азат Джанбаев облыстық шаңғы чемпионатына қатысып, ерлер арасында командалық есепте үшінші орынды иеленді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Ақынға арналған кеш

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында ақиық ақыны М.Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Аққулар ұйықтағанда» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Бұлақты ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, "Жыр ғұмыр" авторлық бағдарламасының авторы Жанат Аянбаева мен Алакөл ауданы әкімдігі аппаратының идеологиялық жұмыс жөніндегі қызметкері Айгүл Қияққызы қатысты. ҚР ҰҚК Шекара қызметі...

«Іле» шекара бөлімшесінде тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері қаралды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Іле» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен құқық бұзушылықтар мен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған тәрбие сағаты өтті. Кездесу барысында әскери қызметшілерге қызметтік міндеттерді адал орындау, әскери тәртіп талаптарын сақтау және жеке жауапкершілікті арттыру мәселелері түсіндіріліп, алдын алу жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша...

«Алмалысу» шекара бөлімшесінде тәрбие шарасы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Алмалысу» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында тәрбие сағаты өтті. Шара барысында әскери қызметшілерге қызметтік тәртіпті сақтау, заң талаптарын қатаң орындау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Панфилов ауданында шекара ардагерлерінің жиналысы өтті

ҚР ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында «Застава Тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша филиалына қарасты Панфилов аудандық секциясының жиналысы өтті. Жиналыс барысында секция төрағасы, запастағы майор В.Байромян атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Іс-шараға шекара басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Қ.Досмұхамбетов, полковник О.Юсупбаев, сондай-ақ Жетісу облысы бойынша филиалынан қызметкер Ж.Усенова қатысты ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу...

UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде біздің командалар ерекше қуаныш сыйлады

Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр! UAE SWAT Challengе сайысының үшінші күнінде біздің командалар елге ерекше қуаныш сыйлады. Барлық үш жүлделі орын қазақстандық командалар қанжығасында: “Kazakhstan А” “Офицерді құтқару” тапсырмасын рекордтық уақытта (02:00 мин.) орындап, турнир кестесін бастап тұр. Екінші орынды “Kazakhstan В” жеңіп алды, үшінші кезең қола жүлдесі “Kazakhstan C” командасында. Тағы екі командамыз 20 үздік қатарында: “Kazakhstan D” 19-шы болып тұр,...

Көктемгі дала жұмыстарына дизель отынының өңірлік операторларын айқындау туралы

      Жетісу   облысының   ауыл    шаруашы­лығы     басқармасы   (бұдан әрі  – Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес, яғни өңірлік оператор болуға өтінімдер түспеуіне байланысты көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу...