60 жылдыққа арналған уақыт капсуласы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына арналған шарада уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл – қазіргі шекарашылардың болашақ ұрпаққа арнаған аманаты. Капсулаға ел тыныштығы мен Отан тұтастығын қорғауға үндеген хаттар салынды. Рәсім ұрпақтар сабақтастығы мен шекарашы рухының мәңгілігін айқындады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
60 жылдыққа арналған мұражай көрмесі
Үшарал қаласының мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойлық шарасы мұражайда жалғасты.
Қонақтар мен ардагерлер Жауынгерлік даңқ мұражайын аралап, шекара басқармасының тарихымен танысты. Экспозицияда Алакөл шекара жасағының қалыптасу кезеңдері, командирлердің өмір жолы және Жалаңашкөл мен
Сарыбөктердегі тарихи оқиғалар қамтылды.
Жәдігерлер мен фотосуреттер ерлік пен тарихтың айғағындай әсер қалдырды.
ҚР ҰҚК Шекара...
Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдығы аталып өтті
Үшарал қаласының мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.
Шарада шекара тарихына арналған бейнефильм көрсетіліп, ерлік пен адалдыққа толы сәттер еске алынды. Құттықтау сөз сөйлеген ардагер шекарашылар генерал-майорлар Қ.Беркалиев, М.Сабидолданов, сондай-ақ департамент бастығы полковник М.Нарбаев пен басқа да қонақтар шекарашылардың ел қауіпсіздігін қорғаудағы еңбегін...
Профилактикалық сұхбат өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесінде тәрбие бөлімінің аға офицері капитан Б.Шөмшекбаев пен ҚР ҰҚК Шекара қызметі Үшарал гарнизоны бойынша әскери полиция бөлімінің жедел уәкілі лейтенант Е.Қалиақпар жеке құраммен профилактикалық сұхбат өткізді.
Кездесу барысында жағымсыз қылықтардың аллын алу тақырыптары талқыланды. Шара мақсаты - әскери тәртіпті сақтау, жеке құрам арасында құқық...
Діни сауаттылығы тақырыбында сұхбат өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті.
Шара барысында Жаркент қалалық мешітінің имамы А.Ширбеков және бөлім офицері, капитан Б.Исмагулов діннің теріс ағымдары мен олардың зияны туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Кездесу барысында әскери қызметшілердің діни сауаттылығын арттыру және радикалды идеологияның алдын алу мәселелері талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша...
Қазақстан мен Мажарстан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, AI және ІТ сектордағы перспективті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл экономикадағы цифрлық саланы жаңа деңгейге көтереді. Alem.AI Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің мамандарын шоғырландыратын орталық болмақ. Бірегей жоба ғылым, өнеркәсіп, креативті индустрия мен мемлекеттік қызмет көрсету секілді салалардағы технологияны...
Талдықорғанда «Таза бейсенбі» акциясы аясында 45 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Талдықорғанда еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараға спорт мектептері, коммуналдық қызмет мекемелері, жеке кәсіпкерлер және ерікті тұрғындар белсенді атсалысты. Олар өздеріне тиесілі іргелес аумақтарды ретке келтіріп, көшелер мен аулаларды қоқыстан тазартты.
Акция барысында шамамен 150-ге жуық адам жұмылдырылып, нәтижесінде 45 тоннадан астам тұрмыстық...
Талдықорғанда «Жеңіс» және Орталық саябақтарына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Облыс орталығы Талдықорған қаласында биыл абаттандыру жұмыстары жүйелі әрі қарқынды жалғасуда.
Атап айтқанда, қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатыр жабындылары мен қасбеттері жаңартылып, тарихи ескерткіштердің айналасы абаттандырылуда.
Сонымен қатар, «Жеңіс» саябағының аркасы заманауи талаптарға сай жаңғыртылса, Орталық саябақтың Қабанбай батыр көшесі жағындағы кіреберісіне жаңа арка орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жұмыстарды тамыз айында басталған болатын.
Бұған қоса, Талдықорғанда «Тaza Qazaqstan» бағдарламасы аясындағы...
Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын ашып, бұл жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды. Цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды.
– Сондықтан біз де осы ахуалға сай алдымызға биік мақсат қойдық. Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық...
Ұстаз — ұлы тұлға
Облыс орталығы Талдықорғанда Оқушылар сарайында «Ұстаз - ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, ұстаздарға ақжарма тілегін білдірді.
«Ұстаздар күні - орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұрпақтың ұлы мұраты жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Ұрпаққа білім беріп,...



























