Талдықорғанда үстел теннисінен жол сапасын тексеретін қызметкерлер арасында республикалық турнир өтті

4

Талдықорғанда үстел теннисінен жол сапасын тексеретін қызметкерлер арасында республикалық турнир өтті. «Жол Активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының кубогіне арналған жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 120 адам қатысты. Олар жұптық және жекелей ойында өзара сынға түсті. Тартысты сайыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Командалық ойында бірінші орынды орталық апарат қызметкерлері еншілесе, екінші және үшінші орынға Қостанай және Алматы облысының спортшылары көтерілді. Жекелеген сында Қостанай облыстық филиалының қызметкері Мақсат Әлімбаев жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші сатыға Шымкент қаласындағы зертхана меңгерушісі Ермек Намазов, үздік үштікті Маңғыстау облысында еңбек ететін Ерболат Шаймұрат түйіндеді. Қыздар арасында орталық апарат қызметкерлері Диляра Қонаева, Жұлдыз Алпыспаева және Камила Бекенова марапатқа ие болды. Сонымен қатар бірнеше аталым бойынша үздік ойын үлгісін көрсеткендерге де сый құрмет көрсетілді. Бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жарыс қызметкерлер арасындағы ынтымақ бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған,- дейді, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Елдар Әбенов. Ол осы жарыс арқылы қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығы артқанын атап өтті. Мәселен, былтыр Павлодар қаласындағы турнирге 90 адам қатысса, Талдықорғандағы жарысқа 120 адам келген. Сәйкесінше ойыншылар арасында бәсеке артып, ойын көрігі қызған. Жоғары жылдамдықты, психологиялық төзімділікті шыңдайтын спорт «Жол Активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның 20 филиалында жұмыс істейтін қызметкерлердің қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз