Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері жазылды
Конституциялық реформа жөніндегікомиссияның 12-ші отырысы барысындаҚазақстан Республикасы Конституциялық Сотытөрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановкеліп түскен ұсыныстардың қорытындыларынегізінде жаңа Ата Заң жобасына енгізілгенқосымша нормалар туралы хабарлады.
Оның айтуынша, негізгі бағыттардың бірі – тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігінкүшейту. Бақыт Нұрмұханов 28-баптың
1-тармағында тек тұрғын үйден айыруға ғанаемес, соттың шешімінсіз одан шығаруға да жолбермейтін толықтыру көзделгенін атап өтті.Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген...
Жетісу облысында үш мыңнан астам шаруашылық мал өсірумен айналысады
Жетісу облысында мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында мал басын көбейтуге, ет пен сүт өндірісін арттыруға және ет экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған тиісті шаралар қабылдануда. Қазіргі кезеңде өңірде мал шаруашылығымен үш мыңнан астам шаруашылық айналысады, оның мыңға жуығы асыл тұқымды мал ұстайды. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы жануарларының саны 2,3 миллионға жетті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы...
Жаңа Конституция орнықты әрі адамға бағдарланған саясаттың негізін қалыптастырады – Асхат Рахымжанов
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата Заң жобасын қолдау жөніндегі ұстанымы мен дәйектерін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов мәлімдеді.
Ол Конституция жобасы ең алдымен әділдікке, теңдікке, құқықтарды қорғауға және мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Қоғамдық бірлестіктердің қызмет...
Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады
Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды. Комиссия мүшелері мен азаматтардың пікірлерін ескере отырып, ол Ата Заңды республикалық референдумға шығаруды ұсынды. Бұл жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түпкілікті шешім қабылдайды.
Сөз басында Эльвира Әзімова азаматтық және заң қауымдастықтарының өкілдері, ғалымдар, құқықтанушылар, лингвистер, қоғамдық ұйымдардың мүшелеріне...
«Respubliсa» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды – Айдарбек Қожаназаров
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respubliсa» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді және оның еліміздің ары қарай дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
«Ұсынылып отырған Конституция жобасы дайын үлгілердің көшірмесі емес. Иә, біз халықаралық тәжірибені зерделеп, кәсіби қауымдастықпен кеңестік. Алайда түпкілікті мәтін – дербес таңдауымыздың нәтижесі. Ол біздің...
Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат
Жаңа Конституция жобасы – сарапшылар мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі тиянақты еңбегінің нәтижесінде әзірленген бірегей тарихи құжат. Ол жалпыхалықтық референдумға шығаруға толық дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.
Айдос Сарымның айтуынша, жаңа Конституцияны дайындау барысында бірқатар маңызды серпінді қадамдар жасалды.
«Бірлесе және үйлесімді атқарылған жұмыстың арқасында қажетті құқықтық нормалар мен тұжырымдарды таба алдық....
Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдады
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығы туралы айтып, құжаттың өңірлерде кеңінен қолдау тапқанын жеткізді.
Депутат құжатта «Әділетті Қазақстан» қағидатының айқындалғанын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы алғаш рет Преамбула мен жалпы ережелер деңгейінде мемлекеттік дамудың іргелі бағдары ретінде «Әділетті Қазақстан» құндылығын белгіледі. Әділетті Қазақстан...
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті
2026 жылғы 11 ақпанда Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шара елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге жастардың белсенді қатысуына мүдделі жастар бірлестіктері мен сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктірді.
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Тимур Джумурбаев жаңа Конституция жобасы халық мүдделерінің шынайы көрінісі екенін, жастарды шешім қабылдау үдерістеріне...
«Ауыл» партиясының төрағасы: «жаңа Конституция – қоғам сұранысына жауап береді»
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамнан келіп түскен сан мыңдаған ұсыныс-пікірлер негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Өз сөзінде спикер бұл құжаттың елдегі өзекті қоғамдық сұраныстарға толық жауап беретінін, азаматтардың талап-тілегі ескерілгенін айтты.
«Талқылау барысында қоғамнан келіп түскен мыңдаған ұсыныстар ескерілген, еліміздің болашақтағы даму барысын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін,...





























