-6.1 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 19 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 5

ТҰРАҚТЫЛЫҒЫМЫЗ БЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ НЫҒАЯ БЕРСІН!

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған құттықтауы   Құрметті жетісулықтар!   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл халқымыздың берекесін бекемдей түсетін, еліміздің бақуатты да өркенді өмірін паш ететін мерейлі мереке. Осы күні біз әр дәуірде туған еліне жанкештілікпен қызмет еткен, азаттық алу, егемендікке қол жеткізу жолында батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен ұлт...

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісудың шалғай Лепсі ауылында жатақханасы бар спорт кешені ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысының Лепсі ауылында жаңа көпфункционалды спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді. Бұл нысанның игілігін Лепсі спорт мектебінің балалары пайдаланатын болады. Жаңа кешеннің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, «ZHERSU» ИПК Бақылау кеңесінің төрағасы, кәсіпкер меценат Бауыржан Оспанов, Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов, Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Теңізбаев, Нұрбек Оралбай, Демеу Жадыраев, Назым Қызайбай,...

Еңбек министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіруде

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және жалақыны субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ведомство басшысының бұйрық жобасын әзірледі. Бұл жаңартулар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысушыларды нақты еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі өзгерістердің бірі – субсидияланатын жұмыс орындарына қатысушылардың бағдарлама мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа қабылдануын жұмыс берушілердің...

Жетісудағы мәдениет мекемелеріне автокөліктердің кілті табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысында жергілікті мәдениет мекемелеріне автокөліктер берілді. Облыс әкімінің атынан техника кілттерін орынбасары Диас Есдәулетов табыстады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорғандағы орталық алаңда өткен салтанатты шарада өңір басшысының орынбасары мәдениет қызметкерлерінің Жетісудың өнерін өрістетуге, халықтың рухани дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. - Мәдениет саласы мамандарының алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау, мәдениет...

«ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы - Алтынкөл станциясы әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады. Аталған бұзушылықтар жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер немесе өзге де артықшылықтар беру бөлігінде анықталды. Соның нәтижесінде кәсіпорын бұл субъектілерді бәсекелестеріне қатысты артықшылықты жағдайға қойып, мүлікті жалға алу шарттарын жасасу кезінде қызмет жүргізу үшін қолайсыз жағдайлар...

Алаяқтар тактикасын өзгертуде: Жәбірленушілер өздері байланысқа шығады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.kommersant.ru/doc/8230736, https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-russia-new-fraud-scheme/, https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertv-samim-zvonit-im?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152, https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvana-samaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/) алаяқтар жаңа шабуыл толқынын іске қосып, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан хаттар мен SMS-хабарламалар жіберуде. «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының елдің ресурстық базасын нығайту және газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті. Ведомство басшысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Президент белгілеп берген стратегиялық приоритет болып қала беретінін атап өтті. Есепті кезеңде Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа үш газ кен орыны пайдалануға берілген....

9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді: Үкіметтің бір жылғы жұмыс қорытындылары туралы

Үкіметтің 2025 жылғы жұмысының қорытындысын шығару бойынша Astana Hub-та өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Есепті кезеңде энергетика саласында ең маңызды нәтижелерге қол жеткізілді – инфрақұрылымның ұзақ жылдар бойы созылған тозуы тоқтатылып, активтерді ауқымды жаңарту циклі іске қосылды. «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты енгізілгеннен кейін электр стансаларын жөндеу жұмыстарына салынған капиталдық...

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жыл қорытындысын шығаруда: Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің БАҚ өкілдерімен кездесуі аясында Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды. Мұнай-газ химиясы саласында экономиканың шикізатқа тәуелділігін әртараптандыруға және төмендетуге арналған дәйекті бағыт жүзеге асырылуда. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп отыр және шикізат емес экспорттың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасуда. «Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылауда. Есепті кезеңде Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен мұнай-газ секторын, жанар-жағармай материалдары нарығын және мұнай өңдеуді қамтитын ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісін жалғастырды. Мұнай-газ саласындағы жылдың басты оқиғасы Теңіз кен орнындағы болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды. Зауыттың үшінші буынын...