Әскери жолмен, жігерлі ұлан болайық!
Талдықорған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Әскери жолмен, жігерлі ұлан болайық!» атты салтанатты шеру өтті.
Бұл шараға 8, 9, 10 сынып оқушылары қатысты. Шеру шарты саптық жүріс, әскери сәлемдесу, әскери форманың болуы, әнді орындауы, командирдің взводты алып жүруін қамтыды.
Жетісу облысы «Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы отставкадағы 1-ші дәрежелі капитан Рахым Қырғабақов, Ауған соғысының ардагері, запастағы майор Талғат Бердікенов, запастағы капитан Сәуле Куренкеева салтанатты шерудің ...
Үздік, білімді оқушылар анықталды
Елімізде мектеп оқушылары арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Оған еліміздің өңірлерінен 939 оқушы қатысты,-деп хабарлайды басқа ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.
Биылғы жылы оқушыларға арналған республикалық олимпиада 6 өңірде бір мезгілде өтті. Жас математиктер мен физиктер, химиктер Астана, Алматы және Павлодар қалаларында бақ сынасты.
Барлық кезең қорытындысы бойынша 431 оқушы жүлдегер атанды, олар 211 қола, 131 күміс...
Талдықорғандық аналарға «Алтын» және «Күміс алқа» табысталды
Қала әкімі Ернат Бәзіл алтын құрсақты аналарға «Алтын», «Күміс алқа» наградаларын табыс етіп, «Аналар» күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Салтанатты жиынға, 17 ана отбасыларымен келіп, ерекше толғаныста болып, құрмет төрінен көрінді. Қатарында 6 баланың анасы, «Күміс» алқа иегері Айдана Мухашова да бар. Ол 3 ұл, 3 қызды тәрбиелеп отырған жас ана.
«Халық даналығында, «Ана деген бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен...
Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді
Кезектің электрондық талондарын алу сервисі 2022 жылдың сәуір айында енгізілді, өткен жылы 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы 5 айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушылар 3 мыңға жуық талон алса, ал сәуірде – 12 жарым мыңнан астам талон алынған.
Айта кетейік, кезектің электрондық талонын "ХҚКО" қосымшасы арқылы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшін қосымша...
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығына Жетісу облысының әр елдімекен тұрғындары атсалысуда.
«Мөлдір бұлақ» – өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акциялардан тұрады. Жалпы облыс бойынша аталған күндері 20 мыңға жуық адамның қатысуымен, 50 экологиялық шара жоспарланған. Ауыл-аймақ өз аумағындағы өзендер маңына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, бұлақ көздерін ашты. Қала аумағындағы арық жүйелерін тазартып,...
Таза қала — Талдықорған
Талдықорғанда «Таза Қазақстан», «Мөлдір бұлақ» апталығының басталуына орай, бүгін «Таза қала Талдықорған» акциясы аясында Қаратал өзенінің жағалауы мен орталық жағажай аумағы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды.
Аталған акцияға 50 адам, 4 техника жұмылдырылды.
#7su #km #тазақазақстан #мөлдірбұлақ
#тазақазақстан #тазақалаталдықорған #акция #сенбілік
Бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталады
Бүгін Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының алауы тұтанады. Париж Олимпиадасының соңғы лицензялары сарапқа салынатын басты додаға әлемнің 92 елінен 519 татами шебері қатыспақ. Олардың қатарында 3 Олимпиада, 13 әлем чемпионы сынға түседі.
Атап айтсақ, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне Qazaqstan Barysy Grand Slam атауымен енген жарыс қатысушыларының қатарында дзюдо спортының жарық жұлдызы, үш дүркін Олимпиада чемпионы, 12 дүркін әлем...
Олимпиада алауы Францияға жетті
Ел аумағында алауды алғашқы болып ұстаған француз жүзгіші Флоран Маноду болды. Париждегі ойын 26 шілдеде басталады, деп хабарлайды Еuronews.
Францияда Олимпиада алауының эстафетасы басталды.
Оны Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласына ХIХ ғасырдағы Белем желкенді кемесімен алып келді.
Алау Грекиядан келгеннен кейін оны бірінші болып француз жүзушісі, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Флоран Маноду ұстады.
Желкенді кеме Марсельдің ескі портына Францияның әнұранымен кірді. Салтанатты шараны жағалаудан 50...
batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты.
Жобаның негізгі мақсаты – әр батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты III отырысында атап өткендей, мемлекет соғыс жылдарында теңдесі жоқ жауынгерлік және еңбек ерліктерін жасаған отандастарымызды ел жадында сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Сайт әртүрлі ақпарат көздерінен жинақталған және Қазақстан халқының ерлігінің...
Ер есімі – ел есінде
Адамзат аңсап күткен азаттықтың туы желбіреген Жеңіс күніне орай «Ер есімі – ел есінде» салтанатты шарасы өтті. Бұл Отаны үшін кеудесін оққа төсеп, бейбіт өмір сыйлаған, қайтпас қайсарлықтың үлгісі ардақты ардагерлерге деген жетісулықтардың құрметі.
Биылғы Жеңіс күнін 4 жетісулық ардагер қарсы алуда. Олар – ақсулық Моисеев Гаврил Степанович, талдықорғандық Ысқақ Құсайынов, Төлеубай Шектібаев пен Қаңтарбай Сәрсенбай ақсақалдар. Салтанатты жиын алдында...





























