ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады
Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті жанындағы Қазақстанныңстратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Конституциялық комиссия мүшелері мен жас сарапшылардың қатысуымен «Конституциялық реформаның негізгіқағидалары: ұрпақтар сабақтастығы»тақырыбында диалог алаңы өткізілді.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, саясаттанушы Талғат Қалиев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – Басқарма мүшесі Индира...
Келіссөз қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Александр Вучич Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Сербия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сербия Республикасы Әділет министрлігі арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Сербия Республикасы Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасындағы...
Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді.
– Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы...
Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.
Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіре отырып, бұл сапар Қазақстан мен Сербия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толу қарсаңында өтіп жатқанына назар аударды.
– Сербия Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз саналады. Көптеген саладағы өзара тиімді байланыстарымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Бүгін екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тәсілдерін...
Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Біз Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз санаймыз. Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы...
Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер
28 ақпан күні сағат 11:00-де Астанада «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтеді
Студиялық форматтағы пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының YouTube, Facebook, Instagram, TikTok платформаларында және Хабар арнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қосымша ақпарат «Референдум-2026» Telegram арнасында жарияланады.
Дебатқа 7 партиядан 14 спикер қатысып, жобаға қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, халық сауалдарына жауап береді.
Жетісудағы егіс науқанына 20 мың бірліктен астам техника тартылады
Жетісу облысында көктемгі дала жұмыстарына 20 мың бірлік техника тартылады деп жоспарланған, бүгінгі күнге олардың дайындық деңгейі 96%. Жалпы, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын шамамен 512 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта 20 370 техниканың 19 458 бірлігі, атап айтқанда трактор, соқа, сепкіш,...
Медициналық білімі бар шетелдік мамандарды сертификаттау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті медициналық мамандарға, шетелдік мамандарды қоса алғанда клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін сертификаттауды жүзеге асыралы.
Шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын...
Заң мен тәртіп, қауіпсіздік пен жауапкершілік
Талдықорған қаласында «Заң мен тәртіп, қауіпсіздік пен жауапкершілік» науқаны аясында ірі кәсіпорындар мен зауыт өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараны Жетісу облысының прокуратурасы ұйымдастырып, оған қала және облыс деңгейіндегі құқық қорғау, еңбек инспекциясы мен төтенше жағдайлар органдарының өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты – еңбек ұжымдары арасында заңға мойынсұнатын мінез-құлықты қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық және өндірістік...
Жаркент мешіті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен бесінші отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин хабарлады.- Жаркент мешіті ХІХ ғасыр соңындағы діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші саналады. Сонымен қатар, оны ислам сәулет дәстүрі мен Шығыс Азия...





























