22.8 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 33

Цифрлық қызмет көрсету: 2025 жылы бейнеқоңырау арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданды

Бүгінде «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін бейнеқоңырау форматында 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 2025 жылы бұл сервис арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданғанын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Бейнебайланыс нақты уақыт режимінде жұмыс істейді: оператор бейнеқоңырау арқылы кеңес береді, құжаттарды толтыруға көмектеседі және өтінішті онлайн қабылдайды. Бір бейнеқоңыраудың орташа ұзақтығы 5–15 минутты құрайды, бұл көптеген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді. Бейнеқоңырау...

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөнінде әлеуметтанулық сауалнама жүргізді.   📢Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтетіні туралы халықтың хабардар болу деңгейі Телефон сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 81,8%-ы елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу жоспарланып отырғанын біледі, олардың 33,7%-ы референдум туралы жақсы біледі, ал 48,1%-ы бұл туралы естіген, бірақ егжей-тегжейлі білмейді. Жаңа Конституция жобасы бойынша...

Найдите свой участок для голосования по ИИН

Запущен сервис «Найдите свой избирательный участок для голосования по ИИН» для определения участков для голосования на республиканском референдуме, который состоится 15 марта 2026 года.   Узнать свой участок можно по следующим ссылкам:   https://www.gov.kz/referendum?lang=ru   https://referendum2026.gov.kz/ru   https://referendum.gov.kz/ru    

ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда дауыс беру үшін учаскелерді анықтауға арналған «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.     Өз учаскеңізді келесі сілтемелер бойынша біле аласыз:   https://www.gov.kz/referendum?lang=kk   https://referendum2026.gov.kz/kk   https://referendum.gov.kz/kk

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ: РЕФЕРЕНДУМ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢІ

Талдықорғанда Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Сапар аясында өткен іс-шараларға «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулерде жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланды. Сенат Төрағасы мәслихат депутаттарымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі өкілдерімен жүздесуде 15 наурыз күні референдумда қазақстандықтар...

Жетісу облысы тұрғындарының назарына!

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.  Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады. Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз: Ресми Сайт арқылы:1️⃣     Сілтеме арқылы өтіңіз: https://zhetysu.saylaw.kz/ 2️⃣    ЖСН енгізіңіз3️⃣    «Тексеру» батырмасын басыңыз4️⃣     Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз   🤖 Telegram-бот арқылы:1️⃣    Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/referendum_zhetysu_bot  2️⃣    «Бастау» батырмасын басыңыз3️⃣    ЖСН енгізіңіз4️⃣    Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз 📞 Call-орталық...

«Sauda in Digital Nauryz» байқауы жарияланды

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Sauda in Digital Nauryz» республикалық байқауды бастайды. Байқау 2026 жылдың 13–20 наурыз аралығында өтеді. Бастама сауда саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануды дамытуға бағытталған.Байқаудың мақсаты – сауда саласына заманауи технологияларды енгізуді ынталандыру, инновациялық бастамаларды қолдау және озық цифрлық тәжірибелерді кеңінен насихаттау. Қатысушылар сауда нысандарын цифрлық форматта креатив безендіру жобаларын, сондай-ақ...

Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет-алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді. Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының...

Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр

Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикаларына барған сайын қаттырақ әсер етіп, тасқын, құрғақшылық, аптап ыстық пен басқа да табиғат құбылыстарының қатерін арттырып отыр. Десе де, аймақта мұндай апаттардан қорғайтын қаржылық тетіктер жеткілікті деңгейде дамымаған. БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) сарапшылары «Климаттық және табиғи апаттарға төзімділік: Орталық Азияда сақтандыру мен қаржылық шешімдерді әзірлеу» атты есебінде осындай қорытынды жасайды. Біз аталған...

Салық салу режимін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды

2026 жылғы 1 наурызда салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимін таңдаудың өтпелі кезеңі аяқталды. Өтпелі  кезеңнің қорытындысы бойынша бизнес субъектілерінің көпшілігі қызметін жүргізудің жеңілдетілген шарттарына бағытталған арнаулы салық режимдерін сақтап қалды немесе таңдады.      1,2 миллионнан астам кәсіпкер жеңілдетілген декларациямен арнаулы салық режимін таңдады. Жеңілдетілген декларация шағын және орта бизнес арасында ең танымал режим болып қала береді, себебі ол олар үшін сақталды және жаңартылды. Бұл режим жылдық кірісі 600...