19.6 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 28 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 290

ЖҮЗІНЕН НҰР ТӨГІЛГЕН

Адамның жүрегі қаншалықты мейірімді болса, жүзінен соншалықты жылылық, нұр төгіліп тұратынын әсілінде жұрт біледі. Ондай жанның қасынан табылудың өзі бір ғанибет. Айналасына шуақ шашып, пенделіктен биік тұратын тұлғалардың тұғыры қашанда қадірлі. Халықаралық қыз-келіншектер мейрамында көркем мінезі, тиянақты ісімен  ұжымға сіңген ана жөнінде әңгіме қозғағанды дұрыс санадық. Қазақи болмысы, сабырлылығы, өз жұмысына берілген қасиеті Зәуре Сембайқызын көпшіліктен даралап тұратынын баспаханаға баратын...

Еркіннің көктерегі

«Елге ел қосылса құт қонады» дегендей, шетелден оралған қандастарымыз еліміздің өркендеуі үшін үлес қосуда. Көксу ауданы, Мұсабек ауылында тұратын Еркін Пидахметұлы 15 жыл бойы тынымсыз еңбектеніп, ауылдың тау жақ бөктеріне 8 мың түп көктерек көшетін отырғызып, оны күтіп-баптап, бүгінде аспанмен бой таласқан бау-бақшаға айналдырды. Әрине, осы талпыныстың қалқасында қаншама еңбек, төзімділік, күш-жігер жатқанын есептей беріңіз. Атажұртқа сонау 2008 жылы біржолата...

Тарам жолдар тамыршысы

Еңбекқорлық ата-анасының бала кезден оның бойына сіңірген басты қасиеті. Бүгінде 18 жылдық еңбек өтілі бар шойын жол бекетінің диспетчері Әсел Нұрғалиева бала кезінде өмірін теміржол қызметімен байланыстырам деп ойламаған да шығар. Дегенмен біздің кейіпкеріміз балалық шағын негізгі тіршілігі теміржолмен байланысты кішкентай ғана қалада өткізіпті. Қала тұрғындарының көпшілігі теміржолда жұмыс істеп, көше балалары соларды күнделікті көріп, олардың жақсысы мен жайсаңына еліктеп...

Асылбек – алғыр азамат

Темір жол қызметі көптеген түрлі мамандықтармен байланысты. Теміржолшылар арасында инженерлер, машинистер, диспетчерлер, вагон құраушылар, электромеханиктер, жолсеріктер, кезекшілер, қабылдап-жөнелту, тағы басқа толып жатқан кәсіп иелерін кездестіресіз. Солардың соңғыларының бірімен халықаралық «Алтынкөл» стансасында таныстық. Ол белгілі бағытқа вагондарды қабылдап-жөнелтуші Асылбек Сейдахмет болатын. Асылбектің айтуынша жүк тиелген вагондарды қабылдап алып, жолға аттандыру өте маңызды, күрделі жұмыс. Ол вагонға тиелген құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі мен ерекшелігіне...

Қоғамға қажет болу үшін…

Өкініштісі, жыл өткен сайын елімізде есірткі заттарын пайдаланушылар саны артып келе жатқанын нарколог дәрігерлер дабылдатып отыр. «Жаман әдет жұғымтал» демекші, денесіне есірткі егіп еліретіндер қарулы күштер қатарына да дендегені байқалады. Бұл дертпен қалай күресу керек? Оны жауынгерлер жолынан аластаудың амалы қайсы? Осы сауалдар төңірегенде Панфилов шекара басқармасының әскери құрамымен аудандық ауруханасының наркологі Дәурен Қойбағаровтың кездесуінде жан-жақты әңгіме қозғалды. «Есірткіге тәуелділіктің...

Жетісу облысында «Жеңіс эстафетасы» салтанатты түрде қабылданды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті шекарашылары ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс эстафетасын» қабылдау салтанаты өтті. Бұл маңызды іс-шара Абай облысының Аягөз қаласында ұйымдастырылып, Жетісу облысы, Үшарал қаласында жалғасын тапты. Салтанатты шара барысында жергілікті атқарушы органдармен, өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктерімен эстафетаны қарсы алу аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Жергілікті...

Көктем-2025. Аналар комитетінің төрайымы сарбаздармен кездесті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша басқармасына Алматы мен Жетісу облыстары бойынша сарбаздардың Аналар комитетінің төрайымы Татьяна Тропина келід. Татьяна Геннадьевна "Көктем-2025" шақырылымының жас жауынгерлермен әскери қызметке қатысты әңгімелесіп, өзара қарым-қатынас тәртібін бұзу мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Ол әскери қызметпен, жауынгерлердің тұрмысымен танысты. Жас сарбаздар мен офицерлердің күнделікті өмірін жоғары бағалады....

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 2025 жылғы оқуға құжат қабылдау басталды. Өтініштер онлайн түрде «Admission» жүйесі арқылы 25 маусымға дейін қабылданады. Академия 9 магистратура және 3 докторантура бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Биыл магистратураға – 120, докторантураға – 12 мемлекеттік грант бөлінді. Биыл академияға оқуға түсуге өтінім беру үшін өзгешеліктер бар. Атап айтсақ, жаңа бағдарлама – «Цифрлық мемлекеттік...

Оқушылар шекарашылардың өмірімен танысты

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Арасан шекара бөлімшесі Ақсу ауданы, Суықсай ауылының Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Мемлекеттік шекараны күзетуде шекарашылардың қолданылатын күш пен құралдары» тақырыбында көрсетілім сабағы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік шекараны қорғау қызметінің маңыздылығын түсіндіру, шекара қызметінің жұмысы мен қолданылатын құралдар жайлы білім беру. Көрсетілім...