-4.1 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 3 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 283

Жетісу облысында «JETISU CUP — 2024» жеңімпаздары анықталды

Республика күніне орай ұйымдастырылған, футзалдан өнер және медиа командалары арасындағы «JETISU CUP - 2024» республикалық турнирі мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыста қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, керемет ойын өрнегін паш етті. Көрермендерге толы зал нағыз спорттық тартыстардың куәсі болды. Турнирге Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 7 үздік команда қатысып, өзара бақ сынасты. 1-орынды Астана қаласының «Aibar» командасы 2 - орын Алматы қаласынан келген...

Амангелді Хамза «Талдықорған тұлпары — 2024» ат жарысында топ жарды

Талдықорғанда ұлттық ат спорт түрлерінен қалалық жарыс өтті. Ұлттық спортты жаны сүйетін жандар үшін ерекше әсер қалдырды. Жарысқа Талдықорған қаласынан бөлек, іргелес ауданның шабандоздары да қатысып, өзара жүйріктерді анықтады. Аталмыш жарыстың шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, жиналған көпшілікке ақжарма тілегін білдіріп, шабандоздарға жарыста сәттілік тіледі. «Бүгінгі жарысқа жақсы дайындықпен келдім. Әрине бастапқы айналымдарда аз күш жұмсап, соңғы айналымдарда барымды салып...

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісуда 3800-ге жуық ағаш отырғызылды

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді. Онда 7500-ден астам адам тазалық шараларын жүргізіп, 3750 дана ағаш егілді. Талдықорған қаласында өткен сенбілік шарасына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, жалпы қала тұрғындары қатысты. Қала бойынша іс-шараға 25 бірлік техника, 2 мыңға жуық адам тартылды. Осы күні Жансүгіров және Ақындар көшесінің қиылысына 200 ағаш егіліп, «Жеңіс»,...

Жетісу өңірінде АПВ қарсы екпемен 1994 қыз бала қамтылды

Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйіндегі баспасөз мәслихатында Жетісу облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев өңірімізде жатыр мойны обырына қарсы вакцинация жүргізу барысына тоқталды. Адам папилломавирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы.  Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі. Мәселен, өңірде  жатыр мойны обырымен  500-ден астам әйел тіркеліп...

Жетісуда себілген жүгерінің шамамен 74% Панфилов ауданына тиесілі

Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады. Осы орайда кейбір шаруа қожалықтары ылғал сақтау технологиясын қолдану мен агротехнологияны сақтау нәтижесінде әр гектардан 150 центнерден өнім алуда. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде жүгері шаруашылығын дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты. -  Жүгері дақылының...

Жыл соңына дейін Панфилов ауданында ұлттық жобамен 9 нысан іске қосылады

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланса, соның 11-і Панфилов ауданында тұрғызылады, атап айтқанда 9-ы биыл пайдалануға беріледі, 2-еуі – келесі жылға өтпелі жоба. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен болған кездесу барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Қазіргі таңда барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар айқындалып, құрылыс жұмыстары басталды. - Жыл соңына дейін Қырыққұдық, Алтыүй,...

Жетісудағы бақтардың 44%-дан астам алқабы Панфилов ауданында орналасқан

Жетісу облысындағы бақтардың 44%-дан астам алқабы, яғни 2,3 мың га Панфилов ауданында орналасқан. Мұнда алма, алмұрт, шабдалы, өрік, шие өсіріледі. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды. - Бір мыңнан астам гектар бақ алқабы бар аса ірі бау-бақша шаруашылығы Панфилов ауданында орналасқан. Бүгінгі күні бұл шаруашылық жемісті өсіріп сатумен айналысып отыр. Сондықтан осы бау-бақша шаруашылығының...

Жетісудағы шекаралық аймақ Жаркент қаласы тұрғындарының 65% газға қосылған

Жетісу облысында кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Көгілдір отын шекаралық аймақ - Панфилов ауданына да жетті. Атап айтқанда, бүгінгі күні аудан орталығы Жаркент қаласында 7 206 абонент немесе 65%-ы газға қосылған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халқымен кездесуі барысында белгілі болды. Жалпы Панфилов ауданында 42 елді мекеннің 26-сы газдандыруға жатады. - Қазіргі таңда Жаркент қаласында, Головацкий және Жерұйық ауылдарында...

Жыл басынан бері Жетісудағы Панфилов ауданының экономикасына 30 млрд. теңге инвестиция тартылды

Жетісу облысындағы негізгі экономикалық өсу нүктелерінің бірі – Қорғас торабы. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың маңызды элементі, әрі объектілер кластері болып отыр. Атап айтқанда, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 2023 жылдан бастап 2,2 миллионнан астам адамға қызмет көрсетіліп, 36,3 мың тонна жүк тасымалданған. Осы ретте Панфилов ауданының шекаралық маңда орналасуы ауданның инвестициялық тартымдылығына...

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«AMANAT» партиясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастырып келеді.  Экологиялық акция арнайы белгіленген жерлерде кезек-кезекпен өтеді. Мәселен, Көксу ауданында өткен тазалық жұмыстарына 70-ке жуық адам қатысты. Партия мүшелері, еріктілер және аудан тұрғындары көшелер мен қоғамдық орындар, өзен жағалауларындағы қоқыс қалдығын тап-тұянақтай жинап шықты. «Мемлекет басшысының бастамасын қолдау арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, болашақ ұрпақты тазалыққа,...