Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер,...
Жетісуда 34 көп қабатты үйдің шатыры мен 10 үйдің қасбеті бюджет қаржысы есебінен жөнделуде
Жетісу облысында биыл Талдықорған, Текелі қалалары мен Көксу ауданында 34 көп қабатты үйдің шатыры мен 10 үйдің қасбеті жөнделеді. Оған жергілікті бюджеттен 702,5 млн. теңге бөлінді.
Мәселен, Талдықорған қаласының өзінде ғана биыл 28 үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жасалуда, ал Текелі қаласында 5 үйдің, Көксу ауданында 1 үйдің шатыры жөнделіп бітті.
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтің айтуынша, бүгінгі күні он үйде...
Жарқын болашаққа нық сеніммен
Батырбек Қайыпбай, «Жастар Рухы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы: 25 қазан - еліміздің тәуелсіздігі мен қалыптасуының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күн - Қазақстанның болашақтағы өркендеуі мен дамуына негіз болған мемлекетіміздің жандануы мен нығаюының символы. Біз осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұта аламыз: экономикадағы, мәдениеттегі, білімдегі және халықаралық аренадағы жетістіктеріміз - халықтың қажырлы еңбегі мен бірлігінің нәтижесі....
Жетісудың жиырма жылдай орталықтандырылған суы болмаған елді мекеніне ауыз су жүйесі тартылды
Жетісу облысының Көктал ауылындағы жаңа көшелерге ауыз су құбыры тартылып жатыр. Құрылыс жұмыстары қараша айында толық аяқталады. Бұл мәселені көкталдық жаңа шағын аудан тұрғындары жиырма жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатқан. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес бұл мәселе биыл шешімін тапты.
Панфилов ауданының Көктал ауылында 10 мыңнан астам адам тұрады. Осы ауылдың шетінен берілген жер учаскелеріне 2006 жылдан...
Тарихқа тағзым
Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізіліп, бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынған болатын. Президентіміз ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынып, бекіткені құптарлық жағдай болғаны сөзсіз. Республика күнінің өз дәрежесінде атап өтілуі бұл мемлекетіміздің егемендігі, тәуелсіздігін болашақ ұрпаққа тарих деп ұлықтау, ең бастысы, тарихымызды ұрпақтың санасынан жойып алмау...
Бала туылғанда қандай жәрдемақы түрлері тағайындалады?
Декреттік демалысқа шыққан кезде, баланың тууы мен күтімі бойынша қандай төлемдер тағайындалатыны жайлы сұрақтар бізге жиі түседі. Төлемдердің айырмашылықтары неде және оларды қалай алуға болатындығы жайлы бүгінгі айдарда айтамыз.
“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы
Әскери қызметшілер арасында қоян-қолтық ұрысынан жарыс өтті
Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасында қоян-қолтық ұрыстан рейтингтік Спартакиада жарысы өтті.
Аталмыш сайысқа 99285, 18404, 48386, 21751, 54380 әскери бөлімдерінің командалары қатысып, өзара күш сынасты. Спорттық шараға арнайы келген Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Біз қаламыздағы барлық спорт түрлерін дамытуға көңіл бөліп келеміз. Бүгінгі жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау және...




























