5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ
Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз!
Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады, және әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін қамқорлық жасап, тек медициналық емес, моралдық қолдау да көрсетеді. Бұл — әйелдер мен олардың сәбилері үшін ең толқынысты әрі маңызды...
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады
Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға қолдау көрсету бойынша «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы іске асырылуда. Ауыл-біздің қоғамымыздың негізі, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің тұрақты назарында.
Жоба төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің басым бастамаларының біріне айналды. Осылайша мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен еріктілер кезең кезеңімен өңірлерге...
Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында
13 мың шақырым жол қамтылады.
«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.
Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.
Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және...
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы па – APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан...
Алматы индустриалды аймағында 417 миллиард теңгеге 67 жаңа жоба жүзеге асырылуда
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінге дейін жалпы құны 138,2 млрд теңгені құрайтын 41 жоба сәтті жүзеге асырылған Алматының Индустриалды аймағында болды. Бұл жобалар 4 700-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жалпы құны 416,9 млрд теңгені құрайтын тағы 67 инвестициялық жоба белсенді сатыда, бұл 10 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Сапар барысында Министр...
Қазақстанда алғаш рет 1 млн гектар жер егіс алқаптарын әртараптандыруға бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Биыл алғаш рет әртараптандыру шаралары шамамен 1 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қамтиды.
Бағдарлама ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие, табысты дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға бағытталған. Негізгі мақсат — ауыл шаруашылығы секторының бір ғана дақылға, ең алдымен дәнді дақылдарға тәуелділігін...
ШҚО мемлекеттік орман қорын дамытудағы шаралар
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың еліміздің шығыс өңіріне жұмыс сапарының екінші күні Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Шемонаиха аудандарының орман қоры аумақтарын ұшып өтуден басталды.
Е.Нысанбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында орманды қалпына келтіру жұмыстарымен, орман мекемелерінің қызметімен және Верх-Уба орманшылығының орман питомниктерінің бірінде отырғызу материалдарын дайындаумен танысты.
Әрі қарай, Министр «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не техниканы, арнайы жабдықты тексеру,...
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 225 мыңнан астам қызмет алды
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 225,8 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 172,9 мың оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 24,4 мың – жеке көмекшінің, 20,8 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және...
Отандық тауар өндірушілерге табиғи монополия субъектілерін сатып алуда басымдық беріледі
Қазақстанда табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қызметі ережелеріне маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық отандық өндірушіні қолдау мен оның тауар жеткізуге арналған конкурсқа қатысуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 15 бұйрығына сәйкес, 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрықпен бекітілген табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына отандық тауар өндірушілеріне...





























