Президенттер Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан Президенті жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, 20 жыл ішінде аталған форумның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтатын тиімді алаңға айналғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы екі елдің түрлі саладағы ықпалдастығының негізгі бағыттарына тоқталды. Президенттің пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің отын-энергетика саласындағы...
Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме
2024 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары өтті.
Мемлекеттердің басшылары дәстүрлі түрде Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына тән өзара толық түсіністік, ашықтық пен сенім жағдайында, екіжақты ынтымақтастықтың барлық кешені бойынша жемісті келіссөздер жүргізді, өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты, екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің перспективаларын қарастырды.
Мемлекеттердің басшылары 1992 жылғы 25...
Жетісу облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде Меморандум жасалды
Қазақстанның Жетісу облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бауырластық орнату туралы келісімнің аясында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қытай жағындағы бөлігінде «Қорғас» ШЫХО қызметін үйлестіру механизмінің өңірлік деңгейдегі бірінші отырысы өтті. Жиын аясында «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде Меморандум жасалды.
Еске салсақ, Қазақстанның Жетісу облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында осыдан...
Ардагер ақыл-кеңесімен бөлісті
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрметті азаматы, Ауған жауынгері, Шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, отставкадағы полковник Қазақбай Ертышбаев ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен кездесті.
Сұхбат барысында шекара сақшыларына әскери тәртіпті қатаң сақтап, әдептіліктерімен өзгелерге үлгі болауға шақырды. Жауынгерлік жолдастық пен бауырластықтың жауынгерлік қызметті орындаудағы оң ықпалы ететінін айтты.
Шекарашы...
Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған тарихи құжат деп білемін. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып, нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер жүктелген болатын.
Ең әуелі Президент халқымыздың қазір мүлде...
Әскери-патриоттық тәрбие жолындағы жаңа қадам
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Жазушылар одағы арасында маңызды ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Бұл құжаттың мақсаты – шекарашы сарбаздарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыруға, сондай-ақ әдебиет пен мәдениет арқылы жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Меморандумға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Фархад Темешұлы Жалмағамбетов...
«Жас Ұрпақ» ҚБ төрт әлеуметтік жобаны жүзеге асырды
Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі бірнеше жобаны биыл қолға алып, оны сәтті аяқтады. Өз жұмыстары турасында өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен жиын барысында аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бақыт Қалиева мен үйлестіруші Дархан Асханбаев баяндады.
Бірінші жоба «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағытында «QOLDAU» бейімдеу орталығымен әлеуметтік жобаны ағымдағы...
Халал өнім : Жетісу өңірінің кәсіпорындары тексерілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Жетісу облысына арнайы іссапармен келді.
Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлымен бірге жергілікті кәсіпкерлер, мешіт имамдары мен дін қызметкерлері, әйел жамағатына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар өткізіп, кәсіпкерлерді халал индустриясын дамытуға, бірлесе қызмет етуге шақырды. Семинар аясында, Sunfood» кондитерлік...
Талдықорғанда улы газды анықтайтын датчиктер орнату жұмыстары аяқталды
Талдықорғанда әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнату жұмыстары толық аяқталды. Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті.
Жалпы облыс орталығы Талдықорған қаласында әлеуметтік әлжуаз санатындағы 1636 отбасы болса, бүгінде соның 400-не аталған құрылғылар қойылды. Датчиктер орнату жұмыстары қала әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының және осы іске жауапты мердігер компания өкілдері бірлесіп қолға алған. «Мұндай...
Талдықорғанда жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ “СБЗҰҒО” ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минут 15 секундта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің координаттары:
44.280° с.е., 79.740° ш.б.
Жер сілкінісі ошағы:
Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы (балл):
• Алматы қаласы – 2 балл,
• Жаркент қаласы – 4 балл,
• Шонжы ауылы – 3 балл,
• Текелі қаласы –...





























