Облысымызда туристік инфрақұрылымды дамыту ісі ілгерілеуде
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім,қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауының төртінші бағытында «Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек.Сондай-ақ тиімді жұмыс істейтін әуе хабтарын,теміржол бекеттері мен теңіз порттарын салуымыз қажет. Бұл ретте бірқатар кешенді шаруаларды шешкен жөн»- деген еді. Жетісу облысында Президент тапсырмасын лайықты орындау барысында инвестиция тарту,жүк легі мен транзитті...
Жетісу облысында 549 өнеркәсіп орны тіркелген
Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілгендей, біз еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қажет. Қазір облыста цемент, аккумулятор батареялары, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі дамуда. Жалпы өңірде 549 өнеркәсіп орны тіркелген, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Қорғас желісі мен «Достық» станциясы — Жетісудың экономикалық өсу нүктелері
Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту...
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы үйлі болды
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтар санатындағы 57 отбасы баспаналы болды. Атап айтқанда, Талдықорғанда 37 жаңа пәтердің, Сарқан қаласында 20 жеке тұрғын үйдің кілттері тапсырылды.
Сарқан ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аудан орталығында баспана салу мәселесіне соңғы жылдары баса назар аударылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.
- 2022 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 5 қабатты 50 пәтерлі үй, өткен жылы «Болашақ» шағын ауданында екі...
Жетісу облысында архив қызметкерлері марапатқа ие болды
Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары, жылнамалары бар. Осы ретте архив ісіне жүктелетін жауапкершілік орасан зор. Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы. Архив қызметкерлері – тарихымыздың тамыры, құнды құжаттардың шын жанашырлары. Талдықорған қаласындағы Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының ғимаратында архив саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты...
«Жыл үздігі-2024» . Үздік шекара бөлімшесінің бастығы
ҚР ҮҚК Шекара қызметінің жылдық қорытындысында «Үздік шекара бөлімшесінің бастығы» номинациясының иегері ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Ынталы» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Бағлан Сейітжан танылды.
Бағлан Қожахметұлы басшылығымен ынталылық шекара сақшылары 2024 жылдың нәтижесінде жауынгерлік қызметтің жоғары нәтижесін көрсетті.
Атап айтар болсақ, шекара бөлімшесінде бірнеше адам мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін ұсталса, мемлекеттік...
Жыл үздігі-2024». Үздік шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жылдық қорытындысында «Үздік шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы» номинациясының иегері ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Қорғас шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы, подполковник Нұржан Керченов танылды.
Нұржан Серкұлының басшылығымен нұржолдық шекара сақшылары 2024 жылдың нәтижесінде жауынгерлік қызметтің жоғары нәтижесін көрсетті.
Атап айтар болсақ, онға жуық бөтен құжатпен шекара асқысы келгендердің жолы кесілсе,...
Қала әкімі халықаралық ментальды арифметика олимпиадасының жүлдегерлерін қабылдады
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл UCMAS бағдарламасы бойынша халықаралық ментальді арифметика олимпиадасының жүлдегерлерін қабылдады,- деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсан күндері Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өткен UCMAS бағдарламасы бойынша халықаралық олимпиадаға қала мектептерінің 5 оқушысы қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Қала әкімі оқушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтап, алғыс хаттарын табыс етті.
Қала әкімі Ернат Бәзіл өз сөзінде: - «Сіздердің...
Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Сенбіде Талдықорғанда Жетісу облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Өңірдің 2 қала, 8 ауданынан келген шарулар қолжетімді бағамен тұрғындарға сапалы өнім ұсынды.
Ет-сүт, шұжық, балық, қант, ұн, жарма, өсімдік майы, көкөніс, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар сынды өнімнің 18 түрі ұсынылған жәрмеңкеде сатушы мен алушы арасында сауда қыза түсті. Ауқымды шараға арнайы келген Жетісу облысы әкімнің орынбасары Марлен Көлбаев, Жетісу...
«Таза Қазақстан» бастамасы — саналы өмір салтын насихаттайды
Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс. Сенбіліктер апта сайын өтіп, қала қоқысы тонналап жиналды. Осы бастаманың аясында ағаш отырғызылып, қала көріктене түсті. Бұл акция еліміздің барлық аймағында қолға алынып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды.
Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді...





























