Топ-100 студент: Білімгер жеңісі – білім ордасының жемісі

42

Талдықорған жоғары медициналық колледжінің студенті республикалық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді. Колледждің үздік студенттерінің бірі, қазіргі таңда «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан Сәдуақас Дана Ілиясқызы «Toп 100 студент» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Аталған байқау жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен үздік студенттерді анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Конкурс қатысушылары оқу үлгерімімен қатар, қоғамдық белсенділігі, шығармашылық қабілеттері және ғылыми жетістіктері бойынша бағаланды.

Дана Сәдуақас  байқауға дайындық барысында өзінің білімге деген құштарлығын, медицина саласына деген адалдығын және көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Оның бұл жетістігі — колледж ұжымы мен ұстаздарының еңбегінің жемісі.

— Бұл жеңіс мен үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Мен болашақта еліміздің денсаулық сақтау саласына өз үлесімді қосуды мақсат етемін, — дейді Дана өз әсерімен бөлісіп.

Колледж директоры медицина ғылымдарының кандидаты Жансеңгіров Серік Максимұлы өз сөзінде: «Бұл — тек біздің студентіміздің емес, бүкіл оқу орнымыздың жеңісі. Мұндай жетістіктер жастарға шабыт беріп, білімге деген қызығушылықты арттырады», — деп атап өтті.

Осылайша, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің білімді жастары еліміздің болашағы үшін еңбек етуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

                                                                                          Азамат Қадырбекұлы,

                                                                                 Тәрбие бөлімінің меңгерушісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз