Талапкер-2025. ЖОО-ға құжаттар қабылдау, шығармашылық емтихандар

60

Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау, білім беру гранттары конкурсына қатысу қашан басталатынын, сондай-ақ арнайы, шығармашылық емтихандардың өтетін уақытын жариялады. Бұл туралы ведомстваға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

«Құрметті талапкерлер, сіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз! 2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз!» — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше:

  • Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
  • ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
  • «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  • Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  • Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
  • Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қосымша ақпаратты ЖОО-ның ресми парақшалары мен сайттарынан алуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз