2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді
2024 жыл Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың маңызды кезеңі болды. Негізгі қадамдардың бірі базалық және ортақ зейнетақыларды, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды индекстеумен байланысты әлеуметтік төлемдерді арттыру болды. Инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, төлем мөлшері ұлғайтылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарғысы – 120%-ға дейін жыл...
Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында 105 отбасы баспаналы болды
Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында тағы 105 отбасы қоныстой қуанышына кенелді. Талдықорған және Жаркент қалаларында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй кілттері табысталды.
Атап айтқанда, Талдықорғанда көп балалы 25 отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы үйлердің кілттері тапсырылды.
Жаңа қоныстанушылардың бірі 7 баланың анасы Гүлнұр Нұрымбетова:
- Бұл менің отбасым үшін Жаңа жылға үлкен сый болды. Тұрғын үй кезегінде 10 жылдан астам тұрдым. Осы сәтті...
Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында тағы 7 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылды
Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында тағы 7 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылды. Солардың қатарында Кербұлақ, Қаратал, Ескелді, Көксу және Сарқан аудандарында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, ауылдық мәдениет үйлері, спорт кешендері мен медициналық пункттер бар.
Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында заманауи емхана пайдалануға берілді.
- Бұрын компьютерлік томограф болған жоқ, жалпы материалдық-техникалық база ескірген болатын, соған сәйкес халыққа медициналық көмек көрсету...
ҚКО мен МХҚКО қаңтар айында қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейтінін хабарлайды. Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады.
5 және 6 қаңтар күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Елімізде 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн...
Жаңа жыл қарсаңында Жетісуда 109 отбасы үйлі болды
Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында Алакөл, Ақсу, Кербұлақ және Қаратал аудандарында 109 отбасы үйлі болды.
Мәселен, Алакөл ауданында жаңа үйдің кілттері кезекте тұрған көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталды. Бұл үйлердің әрқайсысының жалпы ауданы 60-70 шаршы метр, абаттандырылған жеке учаскесі бар. Соның ішінде 60 жаңа үй сатып алынып, 10-ы салынды. Жалпы бұл мақсатқа бюджеттен 1,4 млрд. теңгеден...
Көшкентал ауылында жаңа мектеп бой көтерді
Жетісу облысында бейімделген мектептің орнына тағы бір жаңа мектеп салынды. Ақсу ауданы Көшкентал ауылында 75 орынды шағын орталығы бар 180 оқушыға арналған мектеп ашылды.
Жаңа үш қабатты мектепте 18 орынды оқу залы бар кітапхана, 40 орынды асхана, 124 орынды спорт және акт залдары қарастырылған. Білім ошағында жаңа модификация кабинеттері - физика, химия, биология кабинеттері, екі мультимедиялық кабинет, сондай-ақ қыздар мен...
Ақтаудағы ұшақ жолаушыларын құтқаруға қатысқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ...
Президент мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау туралы Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұған дейін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда...
Білімгерлерге жасалған қамқорлық айтарлықтай
Елімізде ректорларды тағайындау конкурстық негізде жүзеге асыру қолға алынуда. Осыған байланысты ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылып, оған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келгендігін естіп, ақпарат құралдары арқылы танысып жатырмыз. Тіпті алдағы 2025-2027 жылдары 7 ЖОО базасында ғылыми зерттеулер бағдарламалары жүзеге аспақ. 5 айтулы оқу орындарының ғылыми зерттеу орталықтарына мәртебе берілді. Болашақ жастардың қолында....
Білім беру жүйесі жаңғыртылуда
Елімізде оқытудың озық әдістерін енгізу, студенттерді жан-жақты қолдау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту және реформалау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда. Мәселен, ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі артып келеді. Отандық ғалымдардың әзірлемелерін қолдау және коммерцияландыру жөніндегі бағдарламалар енгізілуде. Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие...




























